Политика, Экономика

Күн тәртібінде – өзекті мәселелер

0 5

Дүйсенбі, 27 наурызда аудан әкімі Ж.Таукеновтің төрағалық етуімен кезекті ақпараттық кеңес өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы, Әулиекөл ауылы, Құсмұрын кенті, Аманқарағай және Новоселов ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Жансұлтан Қоңыртайұлы жиын басында жаңадан тағайындалған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Қабдуллин Қайрат Әуезханұлымен таныстырып, қиын да қызықты қызметіне табыс тіледі.

Аппарат отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Халықты мемлекеттік тілге үйрету. Үштілділік: мақсаты, оқыту және нәтижелері туралы» «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Игіліковтің ақпараты тыңдалды. Орталықта өткен оқу жылы 14 топта 194 тыңдаушы дәріс алды. Мемлекеттік тіл курсын аяқтаған 52 тыңдаушыға тест нәтижесі бойынша сертификат табыс етілді. Ал үстіміздегі жылы 17 топта 268 тыңдаушы бар. Сондай-ақ, Аманқарағайда екі топта 14 және 9, Новонежинде – 14, Құсмұрында 11 тыңдаушы бар.  Үстіміздегі жылы «ҚАЗТЕСТ»  жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден 15 қызметкер тапсырды. Тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тілде іс-шаралар, ашық сабақтар, семинарлар ұйымдастырып өткізеді. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік қызметкерлер хабардар болғанымен сабаққа қатыспай, немқұрайлылық танытатыны айтылды.

Екінші – ағымдағы сұрақтар. «Тасқын сулардың қауіпсіз өтуіне дайындық туралы»  Әулиекөл селосының әкімі Досбол Құсайынов,  Құсмұрын кентінің әкімі Абидолла Абжанов, Аманқарағай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Бақыт Әбдіхалықов хабарлама жасады. Үш баяндамашы да көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында дайындық жұмыстарының ертерек жүргізілгенін, көшелерді қардан ашып, су ағарлар күнібұрын күл-қоқыстан тазартылып, ұдайы бақылауда ұсталуда екенін айтты.

Жиналысты қорытындылай келе, аудан басшысы Ж.Таукенов жоғарыда көтерілген маңызды мәселелерге байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, орталық басшысы Н.Игіліковке мемлекеттік тілді оқытуды жүзеге асыру бағытында әлеуметтік жоба енгізу, мәдениет және тілдерді дамыту және білім бөлімінің басшылары А.Малышева мен Ә.Айсинге  бірнеше тіл білетін белсенді жастар мен оқушыларды марапаттауды, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы М.Тұрғымбаевқа мемлекеттік қызметкерлердің тіл үйрену курсына қатысуын қадағалап, бақылауда ұстау тапсырылды.

Екінші мәселе бойынша ауыл, кент және ауылдық округ әкімдеріне жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Қарабалинмен бірлесе отырып  су жолдарына күл-қоқыс төккен тұрғындарды тауып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту керектігі айтылды.

Аудан басшысы сонымен қатар бүгінгі күнгі шешімін күткен өзекті шараларға тоқталды. Берілген күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қадағалап, бақылауда ұстау аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға  жүктелді.

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика