Культура, Общество

Бақыт пен шаттық мерекесі

0 5

Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз — бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, баққыттың мерекесі. Ол басқа мейрамдарға қарағанда адамның жан дүниесіне мейірімділік ұялатады.

Ұлық мереке қарсаңында аудан орталығындағы «Үміт» балалар баспанасында Наурыз мерекесі ұлттық нақышта атап өтілді. Қазақтың әдет-ғұрпына сай шаңырақ құрылып, оған домбыра, қамшы, қоржын-дорба ілінді. Одан басқа тәрбиеші Балзира Есмағамбетованың қолынан шыққан көздің жауын алатын тойбастар, дорба, қоржын, табақ астына қоятын, сандық, алтыбақан, жүк жиятын қоржын, көрпе бар көрме қойылған.

Ақ дастарқаны ұлттық дәмге толы. Баспана қызметкерлері бәрі шетінен ұлттық киім киген. Ләззат әже кішкентай Айсезім Асылханқызының тұсауын кессе, Айзада әже бата берді. Викторина ойнатылды. Одан кейін қазақтың ұлттық қыз қуу, қыз ұзату, дорба ашу, көкпар ойындары сән-салтанатымен өтті. Осылайша, баспана іші ән-күйге, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей, осы жолдардың авторы және баспана басшысы Марат Келімбаевтар ұлыс оң болсын, ақ мол болсын деген игі тілегін жолдады.

Осылайша бақыт пен шаттыққа толы мерекелік кештің жағасы ақ дастарқан басында жалғасты. Баспана ардагерлері мен ұжым, тәрбиеленушілер жеті тағамнан жасалған Наурыз көжеден тегіс ауыз тиді.

Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ізгілік пен мейірімділіктің шуағы ескен бұл мереке әр шаңыраққа жылылық сәулесін шашады.

Жұмакүл  СЫЗДЫҚОВА<
Суреттерді түсірген автор

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика