Общество

Сәбидің алғаш естігені АЗАН

0 10

Шыр етіп дүние есігін ашқан сәбидің алғаш естігені Алла тағаланың бірлігі мен жақсылыққа шақыру сөздері болу керек. Хадисте: «Әкенің бала алдындағы міндеті — жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру», — делінген. Азан шақырылған балаға жын-шайтан жоламайды, ауырмай-сырқамай өседі. Бұл рәсім негізінен бала туысымен жеті күннің ішінде жасалуы тиіс.

Қай ата-ана болмасын баласын перзентханадан шыққан соң бірден мешітке апара қоймайтыны анық. Тіпті ержеткенше құлағына азан шақырылмай, кештетіп болса да осы рәсімді орындап жүргенін естіп те жүрміз. Осы жәйттерді ескере келіп, ұлт болашағын ойлаған Әмит ишан атындағы мешіттің хатиб имамы Нұрбол қажы Балахметов азан айту бөлмесінің ашылуына мұрындық болды. Бұл игі істі халық сүйсіне қабылдаған болатын. Осы дәстүр күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Және де ол сол кездегі республикадағы алғашқы бастама десек те артық емес. Осыған орай үстіміздегі  жылдың наурыз айында азан айтылатын бөлменің ашылғанына он жыл. Осыған орай, бас имам Нұрбол қажы  Исламұлымен хабарластық.

  • Осы аралық ішінде 2000-дей сәбидің құлағына азан айтылып, мұсылмандықтың бір белгісін алып шықы. Кейбір жас аналар мешіттен қашан келіп сәбиінің құлағына азан айтады деп дәрігерлерден сұрайды, — деді хатиб имам.

Перзентхананың есігі ашылғаннан-ақ сәбидің іңгәлаған дауысы естілді. Азан бөлмесінің іші жап-жарық. Қабырғасында қасиетті Құран аяттарынан жазылған сүрелер. Келіншектер толғағы қысып, жаны қиналғанда осы бөлмеге келіп, Алла тағалаға сыйынып, жарылқау тілейді екен. Тіпті босанар алдында мешітке арнайы келіп тілек тілеп, бата алатындары да бар. Бұл да болса жастардың имандылыққа бетбұрысының бір дәлелі. Аға акушер Зейнегүл Жанатаеваны ұлтжанды азматша деп айтуға болады. Екіқабат және жас босанған аналарға әркез ақыл-кеңесін беріп, жөн сілтеп отырады.

Өткен жұма күні бас имам Нұрбол қажы Исламұлы, жаңа туған қызылшақа Ринат Александрұлының құлағына азан айтып, шаһадатнама (куәлік) табыс етілді. Отыз сегіз жасар сәби Гүлнар Айдарқызының төртінші баласы. «Сәбидің бауы берік, тәрбиелі бала болып өссін», — деп бата берді қажы. Ұлының құлағына азан шақыртқан ананың қуаныштан жүзі балбұл жайнады.

Жаңа туған сәбидің құлағына азан айту ата-баба дәстүрі. Ол тегіннен тегін айтылмаса керек. Менің есіме осыдан тоғыз жыл бұрын Нұрбол қажы Исламұлының айтқан әңгімесі түсті. Және сол үйге барып сөйлескенбіз. 2000 жылы дүниеге сәби келген. Нәресте туғалы ауыра береді, екі жасқа дейін оның салмағы өседі де содан кейін өспей қалады. Дәрігерлерге қаратады, олар баланың ауруы жоқ, бәрі дұрыс дейді. Бірақ та ол аурудан шықпайды. Бірде баланың ата-анасына үлкен апайы бұл баланы көзқарақты кісіге каратуға кеңес береді. Амалсыздан басқа ауданда тұратын орыс әйелге көрсетеді. Ол баланың бетін ашады да: «Қарамаймын, бала крещенный емес. Қазір ол екі дүниенің ортасында тұр. Бұл баланың төрт нөлі (30. 2000 ж.) бар екен. Соның біреуін алу керек» — дейді де бетін жаба салады. Сол жақтағы мешітке барып баланың құлағына азан айтқызады. Қайтадан орыс кемпіріне барғанда, міне, енді крещенный болды, енді қараймын деп ем-домын жасайды. Содан кейін бала жазылып, бүгінде үлкен азамат болды. Міне, осы оқиға арқылы-ақ туған сәбиге азан айтудың маңызы өте зор екенін білеміз.

Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында әркез ана мен бала өміріне үлкен көңіл бөліп келеді. Жыл сайын берілетін жәрдемақы мөлшері де көбейіп келеді. Әр қазақтың қара шаңырағында бесік жыры айтылсын деп тілейік.

Жұмакүл  ХАКІМЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика