Культура

Наурыз аруы

0 11

Ұлыстың ұлы күніне орай аудандық мәдениет үйінде арулар арасында  мерекелік іс-шара өтті. Сайыстың мақсаты — нәзік жанды арулардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, ізеттілікке баулау.

Бұл байқауға қызғалдақтай құлпырған ауыл шаруашылық колледжінің 2 курс студенті Алена Жұмағұлова, аудандық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Арнұр Көлбаева, білім бөлімінің бас маманы Ақсүйрек Едресова, Новонежин ауылының атынан Қарағанды медицина академиясының 3 курс студенті Диана Майлыханова, кітапхана әдіскері Жанар Досалина, кешкі орта мектептің математика пәнінің және өнер мектебінің мұғалімдері  Гүлмира Меңдіғұлова мен Нәзира Тоққожа сынды арулар сынға түсті.

Үміткерлер сайыстың төрт кезеңінен бақ сынады. Бірінші кезеңде сайыскерлер өзінің шыққан тегін, туған елін, қай салада жұмыс істейтінін айтып таныстырды. Екінші бөлімде — өнерім ұлтымның рухы дегендей, арулар ән салып, би билеп, өлең оқып, бірінен бірі асып түсуге тырысты. Үшінші турда қыздардың ақыл-парасаты мен білімі, дүниетанымы, тапқырлығы ақыл-ойы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапқырлығын таныта білді. Төртінші кезекте «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп қазақтың әнінде айтылғандай, арулар сәнді киім үлгісі мен сахнада сазды шеру жасап, ырғақпен еркін жүріп, қимыл-қозғалыс арқылы сахна мәдениетін көрсетті. Осындай тамаша байқауға мәдениет үйі мен өнер мектебінің өнерпаздары да белсене атсалысып, әнімен және биімен кешті одан сайын қыздыра түсті.  Әр бөлім сайын  сайыскерлердің өнерін тілдер дамыту орталығының директоры Н.Игіліков, «Әулиекөл» газетінің бас редакторы Ә.Есмағамбетов, «Достық» лагерінің директоры А.Абдрахманов, жеке кәсіпкер С.Біржановалар бағалап, бағасын қойып отырды.

Қазылар алқасының шешімімен ұпай саны бойынша А.Жұмағұлова – үшінші, А.Едресова – екінші орынға ие болса, А.Көлбаева топ жарып бірінші орынды қанжығасына байлап, «Наурыз аруы-2017» атанды. Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Конкурстың өтуіне «Москалев» ЖШС басшысы Зейнолла Жаңбыршынов, жеке кәсіпкер Сәния Біржанова («Базар» дүкені) демеуші болды.

Батыржан ҚАБЖАНОВ,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ
журналистика факультетінің 4 курс студенті
Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика