Образование

Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту

0 57

Жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік — отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік — білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие — адам болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы.

Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.

Балабақшада берілетін  тәлім — барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбие дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бүлдіршін бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша  ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Мектепке дейінгі мекемеде олар еркін дем алып, рухани патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне жағдай жасалған. Біздің басты міндетіміз — баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, ата-бабаның асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан-жақты тәрбиелеу мақсатында біздің мектепалды тобында «Біз мектепке барамыз» білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Бұл бағдарлама әлеуметтенудің бірыңғай үдерісін құрайтын баланың өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін аша отырып, 5 жастан 6 жасқа дейінгі  балаларды жан-жақты дамытуға, оның  танымдық қызығушылықтарын ашуға бағытталған білім берудің бес саласы — «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»  арқылы оқытудамыз. Осы бағдарламаны қолдану арқылы балалардың ерік-жігерінің қалыптасуына, өздігінен ізденуіне баса назар аударылады. Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі» дейді. Оның ойынға деген қызығушылығын, ынтасын оқыту процесімен ұштастырудамыз. Әр сабақта қоршаған орта және табиғат ерекшеліктеріне тоқталамыз. Ол үшін бала-бақшада өтетін таным сабақтарын ойын түрлеріне қарай пайдаланып отырамыз.

Жыл мезгілінің ерекшеліктеріне орай суреттер салғызамыз. Балалар күнделікті сабақтарға белсене қатысып отырады. Біздің топта өзге ұлт өкілдерінің балалары да бар. Оларды біз мемлекеттік тілде тәрбиелеудеміз. Балғындардың жан-жақты дамуы үшін  кішіпейілділік, сыпайылық, үлкенді сыйлау тұрғысында түрлі шағын әңгімелер мен ертегілер оқып береміз. Балғындардың тілін жаттықтыру үшін қызықты тақпақтар мен санамақтар жаттатамыз.

«Мен өскенде елімнің патриоты боламын» ертеңгіліктер өткізіліп отырады. Осы ұйымдастырылған оқу сабақтары, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер мен ата-аналар өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар отбасымен ынтымақтастық  жұмыстарын нығайту мақсатында ата-аналардың қатысуымен ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, көрмелер, ойын-сауықтар өте қызықты да тартымды өтеді. Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрді ең алдымен өзіміз түсініп, бүлдіршіннен болашақ патриот тәрбиелесек, бұл еңбегіміздің жанғаны.

Гүлзия ҚАЛИЕВА,
№2Аманқарағай орта мектебінің тәрбиешісі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика