Общество

Діни сауаттылықты арттыру

0 6

Өткен жұмада ауданға іс-сапармен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері — ішкі істер департаменті министрлігі академиясының оқытушысы, психология және педагогика магистрі, полиция капитаны Мырзабек Туйғанов пен дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы ДанаАсылбекова келді.

Топ мүшелері ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен, ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен және И.Сьянов атындағы орта мектебінің оқушыларымен кездесті.

Баяндамашылар өз сөздерінде халық арасында құқықтық тәртіпті іске асыру саласындағы заңнама нормаларының талаптарын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының басым бағыттарын жетік түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу бойынша алдын ала пысықтау жұмыстарын жүргізу жөнінде толыққанды ақпарат берді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді. Іс-шараны аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика