Образование

Математика — ғылымдар патшасы

0 17

Білімге, өнерге, ғылымға салған қазақ жастары алдында дала қоңырауын қағып, оқу-білімге үндеген ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ізін жалғаған ұстаздар ұясының бірі — Лесной бастауыш мектебі.

Қазіргі таңда Қазақстандағы білім саласының міндеті болашақта, мына жаһандану заманында бәсекелестікке төтеп беретін, өмірге өз жолын адаспай таба алатын ұрпақты оқыту, тәрбиелеу. Елімізде заман талабына сай, қарым-қабілетті, дара пайымы қалыптасқан тұлға даярлау ісінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Жуырда өткен «Математика — ғылымдар патшасы» атты білім додасы осының айқын бір дәлелі қасиетті. 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылған бір аптаға созылған сайыста интеллектуалды сұрақтарға жауап іздеу, ребустар шешумен қоса пән аралық байланыспен жүйеленіп орыс тілінде оқытылатын сыныптардың қатынасуымен ерекшеленді.

Жарыста оза шауып жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 4 сынып оқушылары Әмір Бахытжан, Дана Омарова мен 3 сынып оқушылары Жалғас Бакиткерей, Жасұлан Тукеш және орыс тілінде оқытылатын 2 сынып оқушысы Нигмат Шиндавлетов пен 4 сынып оқушысы Темирлан Боголов болды. М.Кусаинова мен Г.Аманбаеваның  жетекшілігімен өткен сайыс қорытындысы нәтижесінде сайыс жеңімпаздарына Мақтау қағаздары табыс етілді.

Ұстаз- келер күннің ұстасы. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.

Махаббат КУСАИНОВА,

Лесной бастауыш мектебінің мұғалімі

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика