Общество

Қуанышқа бөлеген Ораза айт

0 6

Барлық мұсылман жұртшылығын ерекше шаттыққа бөлеген, басы – мейірім, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтқаратын қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Бір ай бойы құбылаға бет түзеп, бір сапта тұрып, жаратқан бір Алла тағаланың құзырында дәрменсіз бір құл екенімізді сезіндік. Осы уақыт ішінде мешіт жамағаты бір-бірімен бауырласып, дұға етіп, кешірім мен жарылқау тіледі. Осылайша ауыз бекіткен көпшілік ырыздық-несібеге толы Рамазан айымен қимастықпен қош айтысып, мерекелі  Ораза айт мейрамымен аман-есен қауышты. Осыған орай өткен жексенбіде барша жамағат Әмит ишан атындағы мешітке жиналып, Ораза айт намазына қатысты.

Хатиб имам Нұрбол қажы Балахметов Ораза айттың қадір-қасиеті жайлы мән-мағынаға толы әсерлі уағыз айтты. Мереке күні мешітке аудан әкімі Жансұлтан Таукенов арнайы келіп, халықты мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі күнімен құттықтап, дінімізге қуат, елімізге амандық тіледі.

Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен Ораза айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Сағат жетіде Ораза айт намазы оқылып, үлкен-кіші сапқа тұрып, имамға ұйыды. Наиб имам Арман қажы Ахметжанов Құран оқыды. Өмірден озған аруақтардың рухына құран бағышталды. Намаздан кейін әулиекөлдік Сайдхасан Якубов қол жайып, көпшілікке ақ батасын берді. Үстіміздегі жылғы Ораза айында Әбдіжәлел қари  мен Әлинұр Балахмет бір айы тарауқ намазын оқып, Құран хатым етті.

Көпшілік Ораза айт құтты болсын, Рамазаннан келесі Рамазанға дейін сау-саламатта болайық деген тілекпен үйлеріне тарқасты. Бұл құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, Ораза айт мейрамы адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жан жадырататын ұлық мереке. Бұл күні халық туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм татып, жақсы тілек тілеп, айттады.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА
Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика