Образование, Общество

Тіл шебері

0 10

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ-сінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 21 маусымында Қостанайда жас мемлекеттік қызметшілер   арасында «Тіл шебері-2017» облыстық байқауы өтті.

Жарыстың мақсаты: үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілдікті насихаттау. Сайысқа облыс көлеміндегі аудандар мен қалалардан келген 14 үміткер қатысты. Ережеге сәйкес сайыскерлер «Тұсаукесер», «Ұлт-таным» және «Өнер-таным» кезендері бойынша сыңға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Жас мемлекеттік қызметшінің тіл шеберлігі сынға түскен байқауда олардың әрқайсысы жоғары дайындықта келіп, оза шабуға тырысты.

Біздің ауданның намысын қорғап, өзінің білімділігімен, ой-өрісінің тереңдігімен, нағыз тіл шеберлігімен көрінген ішкі саясат бөлімінің бас маманы С.Мираспеков үшінші орынға ие болды. Санжар Ниязбекұлын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, тек қана биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз.

Нұрлыбек ИГІЛІКОВ,
тілдерді оқыту орталығының директоры

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика