Общество

Халықаралық көрме — ел мерейі

0 6

Астана – армандар орындалатын әсем қала, жасыл желегі мол жас қаланың жаны да жаңалыққа құмар. Сондықтан EXPO-2017-нің үкілі үмітін Еуразия төрінен ақтауға, таңдап алған тақырыбын, яғни, өзінің арман-тілегін орындауға Астана жастық жігерімен, жалынды қуатымен ұмтылады.

«EXPO-2017» көрмесі – тек Астана үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа қадамы болады» деген Елбасының сөзі санамызда сенімнің шоғын маздатып, келешекке бағыт алған үкілі үмітімізді еселей түсетіндей.

Шілде айының 11-ші жұлдызында № 28 Құсмұрын орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері және мектеп басшысы Астана қаласына  «EXPO-2017» көрмесіне саяхат жасап келдік. Оның барысында балалар EXPO көрмесінен өздеріне пайдалы ақпараттарды жинап, көңілді оралды. Еліміз әлем жұртшылығының назарын «Болашақтың энергиясына» бұдан бұрын да аударып келген. Бұл тақырып айтулы көрмеде жаңа, толыққан қырынан көрініс табады. Күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалануды одан әрі жетілдіру арқылы біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендету мүмкіндіктері паш етіледі. Осылайша біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра алатынымыз дәлелденеді. Бұл айтуға оңай болғанымен, жүзеге асыру үшін үлкен күш, мықты инновациялық білім қажет. Бір айта кетерлігі, еліміздің ондай мүмкіндігі жоғары. Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін «EXPO-2017» көрмесінің ең басты маңызы да осында.

Әрине, мұндай ғажайып кереметтердің бәрі еліміздің Тәуелсіздігі арқасында орындалып жатқан игі істер екені бәрімізге белгілі. Баянды елдің бағы мен бақытына бірге кенеліп, баршамызға бейбіт аспан астында ғибратты ғұмыр кешуге жазсын демекпін.

 

   Арайлым ИГІЛІК,

№ 28 Құсмұрын ОМ  математика пәнінің мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика