Культура, Общество, Политика

Конституция күні

0 3

Айбары асқақ  — Ата Заң

Әр мерекенің өз орны, өзіне жарасымды салтанаты бар. Ал Ата Заңның халық жүрегінде алатын орны ерекше екендігі сөзсіз. Конституция — мемлекеттің және қоғамның негізгі заңы болып табылады. Айбары асқақ Конституция біздің тірегіміз, қадірлеп-қастерлейтін асыл мұратымыздың жиынтығы. Ата Заңның негізгі нысаны — халық, қорғайтыны — адам құқығы, елдің мүддесі. Қасиетті Заңды құрметтеу біздің әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Егеменді Қазақстанның Конституциясы күні саяси және тарихи маңызы ерекше мейрам.

Сейсенбі күні орталық алаңда Ата Заң күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мереке Б.Жүнісов атындағы халық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Адай» күйімен ашылды. Асқақтаған әнұран орындалды.

Сахнаға көтерілген аудан әкімі Жансұлтан Таукенов жиналған қауымды   халқымыздың ежелгі арманын баянды етіп, еркіндік, теңдік, бостандық жолын нұрландырып тұрған Конституция күні мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке мен молшылық, еңбекте зор табыс тіледі.

Аудан асыл да қымбатты азамат пен азаматшаларға бай. Осы салтанатты күні марапаттаулар да көп болды. Көпжылдық адал еңбегі үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай аудан әкімінің грамотасымен  аудан прокурорының орынбасары Сырым Жүсіпов, мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сәуле Қазбекова, Құсмұрын УК-161/4 мекемесінің бастығы Серікбай Сейтенов, аудандық соттың бас маманы Вера Сахно, аудан әкімі аппараты заң бөлімінің инспекторы Қарлығаш Сатубалдина марапатталды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының ардагерлері Куанышбай Әбдібеков, Марат Есенғалиев, Төлеген Жармұхамбетовтер ішкі істер департаменті ардагерлер төрағасының және ІІД бастығының Алғыс хаттарына ие болды. Ішкі істер департаменті бастығының жергілікті полиция қызметі ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Мұратжан Асанов пен жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, аға лейтенант Жандос Сағынаевқа Алғыс хат тапсырылды.

Бұл күні көпшілік назарына Тәуке ханның «Жеті жарғы» сахналанған көрініс ұсынылды. Ортада қолында қызыл кітабы бар хан отыр. Екі жағында екі-екіден төрт жігіт тұр. Тәуке хан «Жеті жарғы» кітабын жоғары көтеріп, «Бүгін қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып зандарың  жинағы бекітемін! Ол жеті бағыттан тұрады», — дейді. «Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Конституция – Қазақстан Республикасының Негізгі заңы Президент Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық  талқылауынан  өтіп, референдум арқылы  өз күшіне енді.

Салтанат мерекелік концертке ұласып, өнерпаздардың орындауындағы күмбірлеген күймен, жүрек тербетер әсем әнмен және бишілердің  өнерімен жалғасты. Сондай-ақ. спорттық жарыстар өткізіліп, кітап көрмесі және сауда-саттық қатары ұйымдастырылды. Шаттық пен қуаныш әкелген бұл мереке дискотекамен жалғасты. Халық сейсенбінің кешінде орталық алаңға мерекені тамашалауға жиналды.

Әділхан ЕРМҰХАНОВ

Суреттерді түсірген автор

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика