Общество, Политика

Қоғамдық қабылдау

0 5

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды

Өткен жетіде аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтті.

Басқосуға қатысқан «Нұр Отан» партиясы ӘАФ бірінші орынбасары  М.Есенгалиев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Тлеубаев, кәсіпкерлік палатасының басшысы Ғ.Ахметчин, жұмыспен камту және әулеметтік бағдарлама мемлекеттік мекемесінің маманы М.Манап азаматтардан түскен сұрақтарға, несие беру, шағын несие берудің негізгі ережелері туралы түсінік берді.

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында үстіміздегі жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асырыла бастады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті  – еңбек нарығын жаңғырту болып табылады. Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарламаның негізгі мақсатына тоқталатын болсақ, азаматтардың жұмысқа орналасуы немесе өзінің ісін ашу үшін қажетті кәсіби дағдыға жаппай оқыту мен үйрету көзделіп отыр. Жалпы, бағдарлама жұмысқа тарту, бос орындарға орналастыру, оқыту және белгіленген жұмыс берушіге қызметке орналастыруды көздейді. Әрине, бұл шаралардың бәрі де халықтың әл-ауқатын көтеру және ел экономикасының игілігі үшін жасалып отырғаны айтылды.

Айнұр ЖҰМАҒАЛИЕВА,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі,

«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Суретті түсірген Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА   

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика