Общество

Латын қаріпі Бірінші кезекте – заман талабы

0 49

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған ел жаңғыруының басты бағыттарының бірі қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі болатын.

Осыған орай, апта сайын іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның ақпараттық-түсіндіру жұмысшы тобы елді мекендер, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарымен «Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшірудің артықшылықтары мен тиімділігі» тақырыбында қызу кездесулер өткізілуде.

Осындай басқосу аудандық «Мал дәрігері» мекемесінің қызметкерлерімен өтті. Аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрлыбек Игіліков Елбасының маңызды бастамасы – латын қарпіне көшу бірінші кезекте заман талабы екендігін, өйткені  латын қарпіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз екенін атап өтті. Кездесуге қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтарына жауап алды.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА,

ақпараттық-түсіндіру жұмысшы тобының мүшесі

Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика