Общество

Әділет кеңес береді

0 2

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында азаматтарды құқықтық сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары  Марат Есенғалиев, әділет басқармасының басшысы Асылхан Утебаев пен бас мамандары, нотариус Ботагөз Балахметова қатысты.

Шара аясында әділет басқармасы басшысы А.Утебаев және нотариус Б.Балахметова тұрғындарға жан-жақты құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларына түсініктеме және кеңестер берді. Қабылдауға келген тұрғындар, негізінен, құқықтық мәселелер бойынша көмек сұрай келгендер. Оның сыртында әлеуметтік мәселелер де қаралды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  өкілдерінің айтуынша, республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы халықтың заң сауаттылығын көтеруге және оларға қызығушылық туғызатын сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіндік береді.

Жиынның негізгі мақсаты азаматтардың азаматтық санасын және заң алдындағы  жауапкершілігін көтеру үшін тұрғындар арасында консультативтік жұмыс жүргізу және кең көлемді құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Айнұр ЖҰМАҒАЛИЕВА,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі

Суретті түсірген автор

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика