Культура, Общество

Тіл – татулық тірегі

0 11

Осыдан он тоғыз жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың Тілдер мерекесі деп жарияланды. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан — үлкен достықтың үйі.

Өткен жұмада аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күні атап өтілді. Мерекеге мемлекеттік мекеме мен ұйымдардың қызметшілері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған мәслихат хатшысы Дәулет Қойшыбаев баршаны жарқын мерекемен құттықтай отырып, үстіміздегі Тіл мерекесі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отырғанына тоқталды. Н.Назарбаев мақалада: «Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Болашақ үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы — қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», — деген болатын. Ендеше, Қазақстан болашағы — елін сүйетін, тілін құрметтейтін, діліне берік отаншыл жас­тардың қолында болуы тиіс. Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым берік болсын, еліміз өсіп-өркендей берсін деген ізгі тілегін білдірді.

Құттықтау марапаттармен жалғасты. Бұл күні Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлері облыстық байқауында екінші орынға ие болған Әсел Әкіжанова, тілдерді оқыту орталығы қазақ тілінің мұғалімі Гүлмира Тайтілеуоваларға  мадақтама тапсырылды. Сондай-ақ, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Жібек Тоқаева «Мемлекеттік тіл  — мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауға қатысып, белсенділік көрсеткені үшін білім бөлімінің бас мамандары Гүлмира Әміржанова мен Нұржамал Құлтаева, Тимофеев ауылы әкімі және Новонежин ауылдық округі аппаратының бас мамандары Мейрамхан Мамбетов пен Серік Смағұловтарға және ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы Еркін Көлбаевқа колледж студенттерінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастырылуымен өткізілетін барлық іс-шаралар мен байқауларға белсенді қатысуына үлкен үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Мерекеде өнерлі жандар жүрекжарды жырлары мен ән-билерін тарту етіп, кештің ажарын ашты. Ауданда өтетін барлық мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып, сахна көркіне айналған «Диев» агрофирмасы» ЖШС бишілер тобы (жетекшісі Рабиға Ахмеилова) қазақ, украин, шешен  халықтарының биін билегенде, көрермендер орындарында отыра алмай, аямай қол соқты. Мәдениет үйінің «Эдельвейс» бишілері өзбек, өнер мектебінің бишілері кәріс (Даржан Қожахметова) биін сыйлады. Аманқарағай «Тамаша» демалыс орталығының директоры Тамара Алексеева – орыс, С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары Светлана Вельгельм — неміс тілдерінде Отан туралы тақпақты асқан шеберлікпен оқыды. Өнерпаздар Арина Хазеева қазақтың, Мария Пономарева сызылтып татардың халық әнін орындаса, Лесной ауылы мәдениет үйінің триосы (Елена Перепелица) украин халқының әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Концерттік бағдарлама соңы Диев ауылы бишілерінің Қазақстанды мекендейтін ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп “Достық” биімен аяқталды.

Мемлекеттік тіл саясатын, халықтар достығын, ел бірлігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шынайы көңілге толы Тілдер күні тартымды өтті. Қорыта айтқанда, мерекелік концертте өнерпаздар қазақ жеріндегі жарасымды, тату-тәтті тірлікті паш етті.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика