Общество

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

0 7

Көктемгі тазалықтың қамы үшін бүгіндері нағыз қарбалас, қауырт жұмыс жүргізілуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, сенбілік көпшіліктің бірлесе, жұмыла атқаратын ісі.

Әулиекөл селосы әкімдігінің мәліметі бойынша,14 қазанда өткен апталық сенбілікке 32 мекеме, жалпы саны 158 адам қатысып, үш учаскеде жұмыс көлемін атқарды. Атап айтсақ, бес мекемеден он жеті қызметкер (С.Баймағамбетов ат. МГ, Ш.Уәлиханов және И.Сьянов ат. ОМ, экономика бөлімі, ауыл әкімдігі) А.Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан  «Айгөлек» балабақшасынан 1 Мамыр көшесіндегі көпірге дейінгі аралықтағы және екі мекемеден тоғыз адам (аудан және ауыл әкімдігі) 1 мамыр көшесіндегі көпірден әрі қарай сайдың қамысын, бұтағын шапты.

25 мекемеден 126 қызметкер Шақшақ Жәнібек көшесіндегі орталық «Арбатта» газондарды қазды, сарғайған ағаштардың жапырақтарын жинады.

Сенбілікке мекеме басшылары: Д.Тлеубаев (кәсіпкерлік), Т.Печникова (экономика), Д.Шәріпбаев (спорт және дене шынықтыру), А.Бекмұрзин (жер қатынастары), Ж.Тоқаева (тілдерді дамыту және мәдениет), А.Тайшыбаев (ветеринарлық бақылау), Н.Яримова (қаржы), Б.Қуанышбаев (ЖКХ), Д.Сакетов (ауыл шаруашылығы), Б.Жігітов («Мал дәрігері»), Т.Горобец («Ақбота»), С.Серкебаева (кітапхана), А.Абдрахманов («Достық» лагері), Б.Абдрахманова (мәдениет үйі), В.Петрович (аудандық аурухана) қатысты.

Қоқыстарды шығару үшін “Мерей” МКК-ы мен жеке кәсіпкер О.Ермаханов қажетті техникамен қамтамасыз етті.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика