Общество

Еңбегің жансын, еңбеккер

0 2

«Адам баласы  –  шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер  –  әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды».

Н.Назарбаев,

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан

25 қарашада аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі  өтті. Ырыздығын жер анадан теріп отырған адам баласы үшін жылдың төрт мезгілінің де берері мол. Соның ішінде күздің алар орны ерекше. Бұл шаруа баққан адамның ала жаздайғы еңбегінің нәтижесі мен жемісін көрер шағы. Ауа райы да жылы болып, табиғаттың өзі де диқаншылар күнін ойдағыдай атап өтуіне қуанғандай. Халықтың көңіл-күйі де ерекше болды.

Мерекенің басты қонақтары — диқандар мен малшылар, ауыл шаруашылық құрылымдарының және шаруа қожалықтарының басшылары. Алдыңғы қатарда аудан мақтанышы, адал еңбегімен елге танылған ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері отырды. Ұлттық киім киген қыздар каравай ұсынды. Шашу шашылды. Аудан аграрлары туралы фильм ұсынылды. Мереке Батырбек Жүнісов атындағы «Жетікөл» қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Ата толғауы» күйімен ашылды.

Алқалы жиында аудан әкімінің орынбасары Асхат Кисиков ауыл шаруашылығы саласының даму барысы туралы кең көлемді баяндама жасады.

— Құрметті ауыл  шаруашылығы  қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Біздің елімізде агроөнеркәсіп кешеніне жылдан жылға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдар көлемінде ауылдық жерлерде шағын және орта бизнес саласы, егін және мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соның нәтижесінде ауыл халқының тұрмысы, әлеуметтік жағдайы жақсара түсуде. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Біздің ауданның да негізгі салаларының бірі — ауылшаруашылық  саласы.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен өз істеріне деген адалдықтары арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Сiздер ерен еңбектерiңiзбен аймағымыз және тұтас еліміздің экономикасын дамытумен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер.

Құрметті әулиекөлдіктер! Еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Келешекте  мол табыс, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Ел ырыздығын еселеген еңбектеріңіз одан әрі жана берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын! — деген құттықтау лебізін білдірді аудан әкімі Жансұлтан Таукенов.

 

Қалыптасқан дәстүр бойынша  ауыл шаруашылығы мамандарын марапаттау — еңбексүйгіш адамдарға көрсетілген құрмет. Мерекелік іс-шара барысында жыл қорытындысы бойынша ел ырыздығын молайтуға елеулі үлес қосқан, ел ырысын еселеп, адал еңбегінің абыройына бөленген бір топ еңбеккерлерге облыс әкімінің Мақтау қағазы — аудан әкімінің орынбасары Асхат Кисиков, «Хасенов Г.С» ш/қ басшысы Ғазиз Хасенов, «Успанов» ш/қ басшысы Әділхан Успанов, «Беркат» ш/қ басшысы Абубакар Митаев, «Құлагер»  ЖШС директоры Әділхан Мұстафаев, «Омаров  А.К» ш/қ бас агрономы Айдарбек Омаров, «Агроком-Лэнд» ЖШС жүргізушісі Жиенғали Шынбергенов,    «Әулие-Би » ЖШС комбайншысы Миранбек Болатбаеварға тапсырылды.

Көп жылдық еңбегі үшін ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» медалімен ветеринариялық бақылау және қадағалау аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Жанғали Жұмағұлов марапатталды.

Аудан әкімінің грамотасына «Мал дәрігері» МҚК директорының орынбасары және ветеринар фельдшері Бахтияр Құдабаев пен Самат Бектебергенов, «Кредитное товарищество Аулиеколь» ЖШС басқарма төрағасы Аманболған Кетебаев, «Шуллер» ш/қ механизаторы Сергей Эйзенбраун, «Алтын Бел Д» ЖШС механизаторы Ғылым Кенжетаевтар, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге сіңірген еңбегі үшін «Миалы» шаруа қожалығы дала бригадасының бригадирі Дәурен Баймағамбетов, «Кайсар-Агро» ЖШС комбайнері  Евгений Литвиненко, «ИНСПЭК» ЖШС механизаторы  Сергей Скопец, «Агроком-Лэнд» ЖШС механизаторы Имрен Валеев, «Тимофеевка-Агро» ЖШС жүргізуші-механизаторы Олег Таранов лайықты болды.

Бұл күні сахнадан  Қарасу ауданының және Лесной ауылының және өнер мектебінің фольклор топтары, Мәскелеу клубының, аудандық және Диев мәдениет үйінің, Мәскелеу және Лесной ауылдық клуб өнерпаздары орындаған әсем ән, құйқылжыған күймен және көңілді бимен көркемделіп, шаттықты көңілді шабыттандыра түсті. Мерекелік бағдарлама  «Диев» агрофирмасы» ЖШС бишілер тобының орындауындағы «Нан» биімен (жетекшісі Рабиға Ахмеилова) аяқталды. «Рухани жаңғыру» және «Туған жер» аясында өткен мереке шынайы патриотизмнің маңызды көрінісінің бірі.

Фойеде мерейлі мереке құрметіне нан және тәтті тағамдар  көрмесі ұйымдастырылды.  Аграрлық ел экономикасын дамытуда басты орын алатын қызметкерлердің төл мейрамының екінші бөлімі ақ дастарқан басында жалғасты.

Жұмакүл  СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика