Общество

Мамандық таңдауға бағдар беру

0 3

Федосеев негізгі мектебінде қазан айының 21-ші жұлдызында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» жоспарындағы «Саналы азамат»  базалық жобасы бойынша «Сіз» деген мамандықпен» кинодәріс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: келер ұрпаққа болашақ мамандық таңдауда бағдар беру, мамандық түрлерімен таныстыру және олардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру. Кинодәріс 8-9 сынып оқушылары аралығында мектеп жантанушысы Асия Линктің жетекшілігімен өткізілді. Қатысушылар саны -13 оқушы. Кинодәріс барысында А.Линк оқушылар көңіл-күйін сұрай отырып, олардың қандай мамандықтарды білетінін, сол мамандықтардың маңызы туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Кинодәріс «аудармашы»  мамандығы бойынша киноролик көруден басталды. Аудармашы мамандығының ерекшелігі аталып, қазіргі заманда үлкен орын алатындығы баяндалды. Бұл мамандықты қыз бала да, ер бала да таңдауына болатындығы айтылды. Аудармашы мамандығының иелері бір емес, бірнеше тілді  бағындыратыны және әр салада бұл мамандықтың өз орны барына көз жетті. Бұдан әрі «аспазшы» мамандығы бойынша киноролик көрсетіліп, бұл мамандықтың да қазіргі заманда бағаланатыны анық байқалды. Кез-келген үлкен ресторан болсын, кіші асхана болсын, кафе болса да, ол жерге аспазшы міндетті түрде керек. Сонымен қатар, осы мамандықты игергендер өз кәсібін болашақта дөңгелетіп алып кетпейтініне кім кепіл? Яғни, Қазақстанда өз кәсібін ашамыз дегендерге де жол ашық екендігі түсіндірілді. Келесі киноролик «өрт сөндіруші» мамндығының қыр-сырымен таныстырды. Қиын да, қауіпті мамандықтың маңызы зор,ең алдымен өртпен ойнауға болмайтындығы, оған қатысты барлық ережені білу керектігі айтылды. Бұл мамандық иелері үнемі қырағы болуы тиіс, себебі өрт сөндірушілер жауапкершілігі мол, шапшаңдықты қажет ететін жұмыс. Бұдан әрі кинодәрісіміз көп балалар армандайтын «ұшқыш» мамандығы жөніндегі  видео болды. Көкке самғап, барлық обьектіге жоғарыдан қарау үшін  «ұшқыш» болу керек. Бұл мамандықтың өзіне тән ерекшелігі көрсетіліп, қиын да, қызық мамандық оқушыларға ұнайтындығы көрініп тұрды.  Мамандық туралы кинодәрістен кейін, Асия Васильевна оқушыларға мамандық таңдауға көмек парақшаларын таратты. Олар өздеріне керек мәліметтерді алғандығын, болашақта мамандық таңдауға көмегі бар екендігі туралы ойларымен бөлісті.

Ж.КУСАИНОВА,

Федосеев негізгі мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика