Общество

Үштілділік – заман талабы

0 47

Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық қатынас және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын.

Көп тілді білу адамды кең өріске, тың өмірге жетелейді. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін самғауына жол ашатын, өз қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Оны оқытудың негізгі мақсаты: бірнеше тілді менгерген, қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту, қалыптастыру.

Үштілділікке көшу аясында мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Әр айдың соңғы сәрсенбісінде Тілдер күніне арналған іс-шаралар үштілділікте өткізіледі. Мысалы: «Тіл тағдыры — ұрпақ тағдыры», «Үш тұғырлы тіл», «Жеті түрлі білім біл, жеті ұрттың тілін біл» тақырыптар аясында іс-шаралар өтті. Жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбиелі  білім беру бүгінгі күннің талабы болып саналады. Сонымен қатар, «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында мектебімізде стенд ұйымдастырылды. Түрлі іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың  өзге тілдерді оқып білуге деген қызыушылығы мен ұмтылыстарын арттыру арқылы оқушылардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырады.

«Мемлекеттік тілді – дамытамыз. Орыс тілін — қолдаймыз. Ағылшын тілін -үйренеміз» деген оймен өз жұмысымызды, алға қойған мақсат- міндеттерімізді одан әрі дамыта түсеміз деген ойдамыз.

Қымбат АҚЫЖАНОВА,                        

Калинин негізгі мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика