Общество

Жолдағы қабылдау

0 5

Үстіміздегі жылдың 10-шы қазанында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, жергілікті полиция қызметі, жол полициясы комитеті, ардагерлер кеңесінің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге Әулиекөл селосында, «Сурган-Қостанай» автомобиль жолында партия қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Республикалық акция аясында жол қауіпсіздігі ережесін кеңінен насихаттау, жол тәртібі сақшыларының жұртшылық арасындағы сенімін арттыру, жол-көлік апатының алдын алуды жүзеге асыру жайында ерекше назар аударылды. Кездесулер барысында халық өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салды: көлікті құжаттандыру, кауіпсіздік белбеуін тағу, ұялы телефонмен сөйлесу сәтін анықтау, ескі жүргізуші куәлігін алмастыру, техникалық байқаудан өткізу, міндетті сақтандыру турасындағы тұрғындар сұрақтарына жауап берілді. Барлық көрсетілген сұрақтар бойынша жүргізушілердің пікірлерін экспресс-сауалнамада көрсету ұсынылды.

Айнұр ЖҰМАҒАЛИЕВА,

«Нұр Отан»  партиясы аудандық  филиалының кеңесшісі  

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика