Антикоррупция, Общество

Заңнаманың негізгі өзгерістері

0 7

Өткен жұмада ауданға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Бекжанов қызметтік іс-сапармен келді.

Аудан әкімдігінде өткен семинар-кеңесті аудан әкімі Жансұлтан Таукенов ашып жүргізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мәслихат хатшысы, мемлекеттік мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері, ауыл, ауылдық және поселкелік округ әкімдері қатысты.

Б.Бекжанов өз сөзінде үстіміздегі жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыс қорытындысымен таныстырып, мемлекеттік қызметте орын алған кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталды. Одан әрі департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізгі өзгерістері туралы айтып, ауданның мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру бағытындағы жұмысты күшейтуге шақырды. Сондай-ақ, халықтың ақпараттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар мен жемқорлықтың алдын алу механизмдері туралы мемлекеттік органдар қоғаммен, азаматтық қоғам, білім беру ұйымдарымен белсенді өзара қызмет жасау қажеттігін атап өтті.

Берік Айдарбекұлы қызметтік іс-сапар барысында Новонежин және Аманқарағай ауылдық округінің аппаратымен, ауыл шаруашылығы колледжі, халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік палатасы ұжымымен жүздесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен кәсіби мемлекеттік аппарат құрудағы мемлекеттің тәжірибелік қадамдарын талқылады. Бұл жемқорлық деңгейін төмендетіп, қазақстандықтарда заңды қадағалаушылық мәдениет пен белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырады. Кеңестен кейін Б.Бекжанов тұрғындармен жеке қабылдау жүргізді.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика