Политика

Аудан басшысының іссапары

0 14

Өткен бейсенбіде аудан әкімі Жансұлтан Таукенов арнайы жұмыс сапарымен Қазанбасы ауылдық округіне барды.

Аудан басшысын округ әкімі Т.Әбдібеков қарсы алып, округтің атқарылған жұмыс көлемімен, елдің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Үстіміздегі жылы мемлекеттің және жекенің қарастырылған қаражатымен аппарат  ғимаратының шатыры жабылды.

Жансұлтан Қоңыртайұлы Октябрь ауылындағы бұрынғы мәдениет үйінің спортзалын, бүгінгі қоғамдық іс-шара өтетін орынды қарады. Бұл ғимаратты ауыл тұрғыны Айтмағамбет Қабасов тендермен ұтып алып, жөндеу жұмысын жүргізді. Бүгінде ол халық тұтынатын асхана.

Ендігі бағыт – Бағаналы ауылы. Аудан басшысы мұнда «Басаман орман және жануарлар әлемін қорғау» мемлекеттік мекемесі мен «Басаман» ЖШС- барып, мемлекеттік мекеменің ғимаратын, дендропаркті аралап, гараждағы техникалық  жағдаймен, ағаш дайындау мен өңдеу жұмыстарымен танысты.

Ж.Таукенов іссапар барысында бұрынғы үлкен ағаш өңдеу комбинатына ат басын тіреп, ғимараттың ішін аралады. Бүгінде мұнда ауыл тұрғыны, осы комбинатта жұмыс істеген Д.Кистер үш адаммен есік, терезе, столдар, кішкентай орындықтар жасайды. Тапсырыспен жұмыс істейді, бағасы да қолжетімді. Дмитрий Михаиловичтің мақсаты — ағаш өңдеу комбинатының ғимаратын сақтап, іске қосып, цех ашу. Өз кезегінде аудан басшысы Ж.Таукенов Д.Кистерге  игі  істе қол ұшын беруге  даяр екенін айтты.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика