Общество

Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

0 8

Қазан айының соңғы күні №2 Аманқарағай орта мектебінде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Дін және ұлт қауіпсіздігі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты: оқушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу және діни наным-сенім мен олардың пайда-зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсін-діру. Сонымен қатар, оқушыларды отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

Басқосуға Әмит ишан атындағы мешіттің хатиб имамы Нұрбол қажы Балахметов арнайы шақырылды.  Бас имам Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін  — Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін  ардақтағаны абзал», — деген сөзімен бастап, еліміздегі діни ахуал, теріс пиғылдағы діни ұйымдар мен бірлестіктердің мемлекет қауіпсіздігіне төндірер залалы, сонымен бірге жалпы діни сауаттылық жайлы, жат ағымнан аулақ болу туралы жас буын өкілдеріне кеңінен түсіндіре отырып біраз мағыналы да маңызды уағыз айтты. Одан әрі қатысушыларға нақты түсінікті болуы мақсатында бейне роликтен үзінділер көрсетілді. Бейне фильмді көргеннен кейін оқушылар белсенділік танытып ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында оқушылар сұрақ-жауап кезеңінде ерекше белсенділік танытып, өздерін толғандырған түрлі діни сауалдарға тұщымды жауап алды.

Дөңгелек үстелдің түйініне келетін болсақ, келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы да иманды ұрпақ тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Ерлан ҚАСЫМОВ,

№2 Аманқарағай ОМ дінтану пәнінің мұғалімі

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика