Общество

Жетпісбаевтар – өнерлі отбасы

0 12

«Ел іші – өнер кеніші» деген емес пе, бойына сіңген дара қасиетімен халықтың ыстық ықыласына бөленген өнерлі жандар ел ішінде аз емес. Сонау сексенінші жылдардың ортасында Қарақалпақ ауылының тұрғыны Б.Жетпісбаев отбасылық ансамбль құрғанын біреу білсе, біреу білмес. Жалпы алғанда, елімізде жанұялық ансамбльдер тоқсаныншы жылдардан кейін ғана құрыла бастаған болатын.

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын осы бір дарынды өнерпаз Батырхан Бақайұлымен жақында Президент күніне орай өткізілетін концертке дайындыққа келген сәтінде кездесіп, ертеректе өзі құрған жанұялық ансамбль туралы айтып беруін өтіндім. Өнер иесі бүгінде қатарда, сол туған ауылындағы клубтың меңгерушісі болып еңбек етеді.

Мұндай сауалды күтпесе керек, аға сонау артта қалған жастық шағы есіне түсті ме, ойланып қалды. Әрине, бәрі де күні кешегідей көз алдында. Бала күнінен бері ән-жырға құмартып өскен өнерлі жанға бұл қасиет нағашы жағынан дарыған болса керек. Атасы Нұрпейіс, керемет әнші, өлеңші болған. Б.Жетпісбаев ауыл клубының меңгерушісі қызметін атқарып жүріп, 1985 жылы жанұялық ансамбль құрады. Жұбайы Күлмаш Хамзақызы да өнерге жақын жан болып кездесті. Ерімен бірге қосылып ән шырқап, елдің сүйікті өнерпазына айналды. Өнерге деген сүйіспеншілік балауса сезімнен бастау алады емес пе. Қазақи тәрбие алып, ұлттық өнердің қадір-қасиетінің құндылығын дәріптейтін отбасының балалары кішкентайынан өнерлі болып өсті. Жетпісбаевтардың ұлттық ансамблінің жетекшісі Батырхан Бақайұлы, жұбайы Күлмаш Хамзақызы және кішкентай ұлдары Бөлтірік, Дулат, Бауыржан, қызы Гүлмира ұлттық киім киіп, сахнаға шықты. Елді мекендерді, біраз аудандарды аралап, нағыз ұлттық нақыштағы әндерді орындап, ең бастысы, халықтың ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленді. Аудандық мәдениет үйінің және облыс орталығының сахнасына шығып өз өнерлерін көрсетті. Жанұялық ұжым меркелік шараларға белсене қатысып, мәдениет саласының өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқаны үшін көптеген Алғыс хаттар мен марапаттауларға ие болды.

Бүгінде мәуелі бәйтеректей жайқалған Батырхан Бақайұлы пайғамбар жасынан асып, ұлдарын ұяға, қызын қияға қондырды. Балалары әр салада еңбек етсе де, өнерді тастамады. Кенжесі Мейрамбек бүгінде домбырасын қолына ұстап, мәденит үйінде өтетін барлық мерекелік концертке қатысып, сахнаның көркіне айналды. Арасында ағасы Бөлтірік Батырханұлымен де қазақтың халық әндері мен термелерін орындайды.

Жетпісбаевтар отбасының немерелері де шетінен өнерлі. Бөлтіріктің ұлы Әбдірахман домбыра тартса, қызы Әсем колледжде оқып жүр, өлең айтып, би билейді. Бір немересі жақында Астанаға барып, би сайысына қатысып, жүлдегер болып келді.

«Ата балаға сыншы» деген емес пе, Батырхан Бақайұлы Мейрамбектің әлі бір жасқа да толмаған қызы Гүлданаға үлкен үміт артады. Өйткені, кішкентай ботақаны басқаға емес, домбыраға әуес, оның шанақтарын ұстап, айрылмай, оны тартқысы келеді екен. Атасы немересінің осы талпынысын  жақсыға жориды. Лайым солай болғай.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Біздің алға қойған мақсатымыз бір кездері отбасылық құрып, жерлестерінің шапағатына бөленіп, талай байқауларда аудан намысын қорғаған талантты азаматтың еңбегін бағалап, олардың жарқын істерін паш ету.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суретті түсірген автор және жеке архивінен алынды

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика