Культура, Политика

Астана — Тәуелсіздіктің жемісі

0 20

Егемен еліміздің  ең  ұлы, қастерлі  мерекесі – Тәуелсіздік күні. Евразия жүрегінде өркениеттердің ұштасқан орталығында, ұлы далада осыдан 26  жыл бұрын тәуелсіз қазақ мемлекеті құрылды. Бұл халқымыз үшін, еліміздің әр азаматы үшін ерекше бақыт.

Мереке Батырбек Жүнісов атындағы «Жетікөл» қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауында «Ата толғау» күйімен (жетекшісі Алмаз Хамитбеков) ашылды. Асқақтаған еліміздің әнұраны ойналды.

Ұлты­мыздың ең қастерлі де қасиетті ұлық мере­кесімен аудан әкімі Жансұлтан Таукенов құттықтап, Тәуелсіздіктің қашанда киелі құндылық екенін, сондықтан да біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз, бұл —  біздің азаматтық парызымыз деді. Баршаға дендеріне саулық, отбасыларына береке-бірлік тіледі. Көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болсын.

Айтулы күні марапаттар да көп болды. Тәуелсіздік күніне орай көпжылдық адал еңбегі үшін облыс әкімінің Мақтау қағазымен «Дюсембина Г.Б.» шаруа қожалығының басшысы Асхат Жақашев, ал аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы Жасұлан Дүкенов, қазынашылық басқармасының бас маманы Дина Ерденова, Қазанбасы ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Серік Ибраев, «Құсмұрын ТЭК» МКК-ның сумен жабдықтау және су бұрғыш бөлімінің учаске бастығы Сергей Галицкий, Әулиекөл ауылы әкімінің орынбасары Халас Жақсылыков аудан әкімінің Мақтау қағазымен және «Мерей» МКК-ның дәнекерлеушісі Юрий Храпатов Алғыс хатымен  марапатталды.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты — білім бөлімінің басшысы Әсет Айсин мен басшының орынбасары Кәмила Нұрахметоваға, ал №121 Құсмұрын орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Малика Мусаева мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Гүлнар Әбішеваға Құрмет грамотасы табыс етілді.

Марапаттардан кейін өнерпаздар ән мен би арқылы Тәуелсіздік мерекесінің жылуы мен шуағын сыйлады. Атап айтсақ, Лесной ауылының «Березка» фольклорлық тобы (жетекшісі Е.Перепелица), ұлт аспаптар оркестрі «Көрұглы» күйін, А.Жазықпаев (Құсмұрын), С.Кішкімбеков пен А.Бектеміров, М. Казбекова, К.Кострова, Е.Ковальчук, Б. Жамахина мен О.Мисюра (Москалев МҮ), үрмелі халық аспаптары оркестрі (Е.Пономарев), Е.Қасымов, Н.Бектеміров, Т.Алғожиндер, «Эдельвейс» және өнер мектебі «Фантазия» би топтары  орындаған Отан, туған жер туралы сырлы да сазды әндер, халықтың жан дүниесін біресе шалқытып, біресе тасытқан күй мен бишілер өнері жұртшылықты ерекше шаттық пен әсем күйге бөледі. Сезімді серпілтіп, көңілді көлдеткен мерекелік концерт өнерпаз Сая Торина, өнер мектебінің балалар мен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен құралған хордың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

Фойеде аудандық мұрағат «Тәуелсіздік тұғыры», «Н.Назарбаев туралы», «Елін танытқан Елбасы» атты  кітап көрмесін  ұйымдастырды. Және жас  суретшілердің өнерін тамашалады.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген Жанат БАЙДІЛДИНОВА

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика