Образование, Общество

Тәуелсіздік алып келген желтоқсан

0 7

Үстіміздегі жылдың 13-ші желтоқсанында «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық кітапхана кітапханашыларының ұйымдастыруымен И.Сьянов атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушылары арасында жоғары тақырыпта әдеби-сазды композиция өтті.

Іс-шара әнұран орындаумен басталды. Кітапханашылар Ж. Тұрмұхамбетова мен Г.Сүйіндікова Қазақстанның тарихы және 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары туралы айтып берді. Балаларға «Желтоқсан желі ызғарлы» тұсаукесері интерактивті тақта арқылы және Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілді. Мерекеге қатысқан оқушылар  Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналуы туралы ой қозғап, өз көзқарастарынан дәлел келтірді. Жиын соңында оқушылармен викторина өткізілді. «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның өткізудің мақсаты – жас ұрпақтың өз еліне деген мақтаныш сезімін және отансүйгіштік сананы қалыптастыру, азаматтық борышты сезіну және  әр адамның  тарих беттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика