Образование, Общество

Менің – Тәуелсіз елім

0 7

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші бағдарламасы «Тәрбие және білім» жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп,  «Саналы азамат» базалық жобасын іске асыру мақсатында №2 Аманқарағай орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Мереке қарсаңында «Менің  – Тәуелсіз елім» тақырыбында тәрбие, ал 1-4 сыныптар арасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» сынып сағаттары өтті. Бұл іс-шаралар барысында оқушылармен сурет конкурстары мен интеллектуалды ойындар ойнатылды.

5-6 сыныптарда «Қазақстан бейбітшілік пен келісім елі» тақырыбында   дөңгелек үстел отырыстары мен  дебаттар ұйымдастырылса, 7 және 9 сыныптарда «Егемен ел тәуелсіздігі» сынып сағаттары жалғасын тапты.

Мереке қарсаңында оқушыларымыз түрлі спорттық жарыстар  мен түрлі өнер сайыстарына, қашықтық олимпиадаларына  қатысты. Іс-шаралар «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Жалпы мектеп оқушылары бағдарлама аясында ауданда ұйымдастырылатын іс-шаралар, тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, мерекелік кештерге үнемі қатысады.

Айнұр ӘБІЛЖАНОВА,

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика