Образование

Жас ұлан қатары толықты

0 9

№2 Аманқарағай орта мектебінде оқушыларды қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында — Тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің, жасампаздықтың 26 жылдық мерекесіне сай келгендіктенорай «Біз — Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты салтанатты жиын өтті.

Салтанатты рәсімді директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айнұр Әбілжанова ашып, жас қырандықтарды құттықтап сабақты жақсы оқып, өмірде одан әрі белсенді болуға шақырды.

Мемлекеттік ту енгізіліп, әнұран шырқалды. «Жас ұлан» қатарына бастауыштан бері мектеп, аудан өміріне белсенді атсалысқан, өздерін көрсете білген жас қырандық оқушылар қабылданды. Олардың арасында оқу озаттары, спортшылар, мектеп белсенділері таңдалды. Ұстаздар мен мектебіміздің өзін-өзі  басқару  кеңесі мүшелері  аспан түстес галстуктар мен қыран құс бейнеленген төс белгілерін жас ұландықтар мен жас қырандықтарға тағып тұрып, елімізді алға жетелейтін халыққа қалаулы азаматтар мен азаматшалар болуды тіледі. Бір саты жоғары өскен жас ұландықтар риза болып, көздерінде от ойнап, галстуктарына ұзақ қарап мәз болды. Өмірде жолдарың ашық болсын, аяулы жас ұландықтар!

Ақмарал ҚҰТТЫБАЕВА,

№2 Аманқарағай  ОМ аға тәлімгері

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика