Культура, Образование

Қазақстан – достық мекені

0 3

Тәуелсіздік күніне орай, яғни 14 желтоқсанында  Чернышевский орта мектебінде аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. 

Салтанатты шарада ауыл әкімі Н.Қосанов пен мектеп директоры К.Мырзабекова жиналған көпшілікті еліміз үшін айтулы мерекемен құттықтап, елдің тыныштығын, берекесін тіледі.

Концертте тәуелсіздік, туған жер, Елбасы, ауыл, достық туралы әндер мен жанды күйлер, мың бұралған бишілер биі әр адамның жүрегіне қуаныш пен бақыт ұялата білді. Әсіресе, кішкентай балапандардың әндері мен билері төрде отырған  ақжаулықты аналар мен әжелердің көз жасын шығара білді.

Мектептің акт залы ауыл тұрғындары мен оқушыларға толы болып, мерекелік іс-шараға қатыспаған оқушы қалмады. Бәрі де көтеріңкі көңілмен, қуанышты жүздерімен бір-бірін қуанта білді. Бізбен бірлесе ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлаған мәдениет үйінің әншілеріне алғысымызды білдіреміз.

Чернышевский орта мектебінің әкімшілігі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика