Образование

Тәуелсіздік – ел тірегі

0 7

Осындай ұранмен 11 а сыныбында мерекеге ұласқан патриоттық тақырыптан тыс іс-шара өтті. Шынымен де, «Тәуелсіздік — ел тірегі, білімді ұрпақтың өз еліне» деген үлкен сүйіспеншілігінен туындаса  керек, әр оқушы еліне деген құрмет сезімдерін осы ретте ерекше білдірді.

Сыныптың көшбасшылары  Гүлназ бен Гүлдана видео дайындап  көпшіліктің назарын рухты сөздерімен аудара білді. Әрі қарай сынып екі топқа бөлініп, тәуелсіздікке қатысты тапсырмаларды жоғары белсенділікпен орындады. Жарыс барысында әр түлектің өз еліне деген, жеріне деген патриоттық сезімі жандана түскендей болды. Сабақ жоғары қарқындылығымен, сындарлы кері байланыстың берілуімен және әсем әннің орындауымен есте қаларлықтай жүргізілді. Өскелең ұрпақтың бойына тәрбие құндылықтарын сіңіру осындай іс-шаралар арқылы жүзеге асыру тиімді екені баршаға мәлім. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болғай!

Ажар ЕРЖАНОВА,

№28 Құсмұрын ОМ 11 а сынып жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика