Культура, Образование

Тәуелсіздік – деп соғады жүрегіміз

0 7

Калинин негізгі мектебінде өткен мектепшілік іс-шараға барлық оқушылар қатысты. «Тәуелсіздік – деп соғады жүрегіміз» атты концерттік бағдарлама алдында «Қазақ халқы» атты бейнебаян көрсетіліп, оқушылар мен көрермендердің  ой толғанысын  қозғады. 

Екі жүргізуші сөз алып «Мен –қазақпын, мың өліп, мың тірілген …» деген Ж.Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37-жылдардағы нәубет, 1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысы, Желтоқсан көтерілісі: тәуелсіздік құны міне осындай.

Міне, биылғы 2017 жыл дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды. Ал егеменді ел атанғанына 26 жыл толып отыр. Осыған орай  баршаны мектеп басшысы Алмагүл Орынбаева құттықтады.  «Жас  қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсімін Асылзада Байсақалова өткізді. «Жас қыранға» — үш, «Жас ұлан» — үш оқушы өтіп, ант берді.

Жүргізушілер тарихи кезеңдерге тоқталып, бастауыш сынып оқушылары мәнерлеп тақпақтарын айтты. Тарихи слайдтарда кезеңдермен көрсетіліп, «Желтоқсан желі» бейнебаяны көрсетілді. Оқушылар «Қайсар рухты Қайрат»  көрінісін  қойып, олардың патриоттық сезімі артта түсті. 7-сынып – «Желтоқсан желі» әнін айтып, концерттік бағдарлама жалғасын тауып, Әнел Ақыжанова мен Дияр Өндірісов «Тарихи өкілдері» көрінісін қойды. Желтоқсан оқиғасы  – біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн. 1991 жылдың 16 желтоқсаны – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. 5-сынып оқушысы Ақжан Серікбаева қазақ биін биледі.

Концерт 6-сынып ұлдарының «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды. Мерекелік іс-шара жақсы өтіп, көрермендер өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Сәния САУЛЕБАЕВА,

Калинин НМ тарих пәнінің мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика