Образование, Общество

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – міндетіміз

0 16

Балабақшаның тәрбие жүйесінің басым бағыттарының бірі – балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі өзіміздің ұлттық мәдени-генетикалық кодымызды сақтау екендігін атап өтті, отансүйгіштік оның іргетасын қалайды.

Мектепке дейінгі балалық – адам өміріндегі аса маңызды кезең. Бұл кезде оның тұлғалық мәдениетінің негізі қалыптасып, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтары меңгеріледі. Бала өмірінің дәл осы кезеңінде оның өзі, адамдар, құбылыстар, қоғамдық өмір туралы түсініктері қалыптасады, бұл қоғамның адамгершілікті құндылықтарын меңгеру мен адамгершілікті қасиеттерді тәрбиелеудің алғышарттарын құрайды.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жеткіншектеріміз халқымыздың аңсап жеткен тәуелсіздік туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арманын, осынау ұлан байтақ жерін қорғап, осы уақытқа жеткізгені баршамызға аян. «Мәңгілік Ел» ұрпақтары сондай текті бабалардың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеп өсуге міндетті.

Біздің «Айгөлек» балабақшасында Тәуелсіздік күніне арналған 12-15 желтоқсан аралығында көптеген іс-шара өтті. Олардың арасында «Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан» атты ертеңгілігі балалар үшін ең маңызды да қызықты деп ойлаймын. Барлық топтардың бүлдіршіндері безендірілген залға жиналып, мерекені тамашалауға келді. Әр топтың ертеңгілігі әнұранды орындаудан басталды.  Кішкентай бүлдіршіндердің әнұранды орындағанын естігенде ерекше сезімге бөлінесің. Балалар «Мәңгі жаса Отаным», «Қазақ елі», «Отан — менің ата-анам» тақырыбында өлеңдер оқыды. Балабақшада балаларға би өнерін үйретуге көп көңіл бөлінеді. Осы жолы да би түрлері мерекеге келген қонақтардың көңілінен шықты. Мысалы, «Батырлар», «Шаңырақ», «Қылыштар», «Бәйтерек», «Менің тұлпарым» билері  көрермендерді таңғалдырды. Бұл мерекеде балалармен қызықты ойындар ойнатылды, сұрақтар қойылды. Балалар белсене қатысып, сұрақтарға жауап берді.  Бүлдіршіндер бейне материалдар көрумен  ғана  шектелмей өздері де қойылымдар қойып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Мереке балалар үшін өте көңілді үлгі боларлық және қызықты болып өтті.

Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтың міндеті.

А.ЖҰМАБАЕВА,
«Айгөлек» балабақшасының әдіскері

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика