Общество

Балаларға қуаныш сыйлады

0 10

Ғажайып Жаңа жыл мерекесін, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндер,  әсіресе, ата-ана қамқорлығынан айырылған ұл-қыз асыға күтеді.

Кеше, сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімі Жансұлтан Таукенов аудан орталығындағы «Үміт» балалар мен жасөспірімдер баспанасына барып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті.

Аудан басшысы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сабақтарын жақсы оқып, келешекте тәрбиелі де саналы азамат болып өсіп, арман-мақсаттарының орындалуына игі лебізін білдірді. Балақайлар бірінен соң бірі өздері дайындаған тақпақтарын Жансұлтан Қоңыртайұлына  айтуға асықты.

Бүгінде бұл мекемеде он бес жасқа дейінгі 15 ұл мен қыз тәрбиеленеді. Үлкені он бес жаста, кішісі үште. Олар түгелдей мемлекеттің қамқорлығында,  жылы жерде ұйықтап, оқуын оқиды, іс-шараларға қатысады.

“Жақсы адамдар жанымызда” дейді халық даналығы, қамкөңіл балаларға аудан әкімі Ж.Таукенов жаңа жылдық тәттілер мен сыйлық тарту етті, сондай-ақ тәрбиеленушілерге аудандық аурухананың бас дәрігері Сергей Шульгин, жеке кәсіпкерлер Қайыржан Матаев пен Рустам Шакиров, бүгінде қалада тұратын Алмас Ибраев пен Әділхан Дәуренбековтер де мерекелік сый-сияпат жасап қуанышқа кенелтті.

Дүниеде адамға, ең керегі, қайырымдылық пен мейірім. Осыны жанына ұялата алған жүрек ешқашан қартаймайды. Өйткені, оның айналасына шашқан шапағат нұры өзгенің ғана емес, өзінің де жүрегін жылытып тұрары анық. «Бір бала қуанса, мың періште шаттанады» демекші, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың басынан сипап, қамқорлық көрсету, әрине, жан тебірентерлік жайт.

 

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика