Общество

Диқаншылардың басты мерекесі

0 8

Өткен жұмада Москалев ауылында өткен ауыл шаруашылығы мерекесінің басты қонақтары — диқандар мен малшылар, ауыл тұрғындары. Мереке құрметіне  шашу шашылды.

Ырыздығын жер анадан теріп отырған адам баласы үшін жылдың төрт мезгілінің де берері мол. Соның ішінде күздің алар орны ерекше. Бұл шаруа баққан адамның ала жаздайғы еңбегінің нәтижесі мен жемісін көрер шағы.

Салтанатты жиында «Москалев» ЖШС директорының орынбасары Б.Жаңбыршынов ауыл шаруашылығы саласының даму барысы туралы кең көлемді баяндама жасады. Базарбай Зейноллаұлы дала еңбеккерлерінің жеткен жетістіктері мен еңбек озаттарын атады. Отбастарыңызға амандық, еңбекте табыс және баянды бақыт тілеп, берекелі еңбектің берері мол деген, жылда егініміз мол болып, мал басы көбейе берсін деген жүрекжарды тілегін білдірді.

Ауыл шаруашылығы мамандарын марапаттау — еңбексүйгіш адамдарға көрсетілген құрмет. Мерекелік іс-шара барысында жыл қорытындысы бойынша үздік жетістіктерге жетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген дала еңбеккерлері, жүргізушілер, малшылар, мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен өнерпаз оқушылары марапатталды.

Жерлестерін округ әкімі Бекзат Әбділдин құттықтап, ел ырыздығын еселеген еңбектеріңіз одан әрі жанданып, тәуелсіз мемлекетіміздің алда да жедел қарқынмен дамуына ортақ үлесімізді қоса берейік деген тілегін білдірді.

Марапат мерекелік концертпен жалғасты. Сахнадан Сәуле Изделюева, Қалқаман Қоқанбай, Бақыткүл Жамахина, Күнсұлу Құдайбергенова, Жоламан Нұрханов, Ольга Дробкова, Надежда Соболева, өнерлі оқушылар Аяулым Бақтыбай, Әмина Кырмаева, Дильназ Қожабековалар Отан, туған жер, еңбек адамдары туралы әсем әндер сыйлап, әке туралы монолог оқып, кішкентай бишілер мың бұрала би билеп сахнаның сәнін келтірді.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген Жанат БАЙДІЛДИНОВА

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика