Общество

Шырша шамы жағылды

0 6

Дүйсенбі күні кешкі сағат 18-де орталық алаңға тігілген бас шыршаның шамы жағылды.

Сахнадан Аяз Ата (Ерлан Қасымов) мен Қарша қыз (Ольга Шурыгина) думанды бастаған мерекеге ертегі елінен он екі ай иелері де келді.

Салтанатты рәсімде Әулиекөл селосы әкімінің міндетін атқарушы Дүйсенбай Тлемісов жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын деген игі лебізін білдірді.

Жиналған көпшіліктің қолпаштауымен шырша жағылып, бәрі шыршаны айналып ән айтты. Ортада – Тауық  жылы (Әсел Нұрышева) мен 2018 жылдың иесі Ит жылы  (Наталья  Юрченко).

Мәдениет үйі мен өнер мектебінің өнерпаздары М.Казбекова мен Е. Ковальчук, Е.Қасымов, О.Гартель және «Эдельвейс» тобының бишілері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Жанат БАЙДІЛДИНОВА

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика