Культура, Общество

Жаны мен жүрегі – қазақ

0 5

Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің өнері­мен көзге түсіп жүрген қаншама замандастарымыз бар. Солардың бірі — өзге ұлт өкілі, жанымен де, қанымен де қазаққа айналған ұлты әзірбайжан мәскелеулік М.Гаджиев. Махмуд Сұлтанұлы ауданда өтетін мерекелік іс-шараларда сахнада қазақтың қара домбырасымен ұлттық нақыштағы әндерді орындап жүргелі де біраз жыл болды. Өнерлі жанды сөзге тартудың сәті енді  ғана түсті.

— Махмуд Сұлтанұлы, қазақша өте жақсы сөйлейсің. Қазақ тілін қалай меңгердің?

— Мен қазақы салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған құтты мекен — Жангелдин ауданында туып-өскенімді мақтан тұтамын. Жалғыз орыс және біздің отбасы ғана тұрдық. Өскен ортам нағыз қазақы орта болса, неге қазақ тілінде сөйлемеске. Аманкелді Иманов атындағы орта мектебінің 8 сыныбын бітірдім. Содан кейін әкеммен бірге шопан болдым.

—  Домбыраны қалай үйрендің?

— Әуелден қаныма сіңген қасиет шығар, мектепте оқып жүргенде өз бетіммен домбыраны үйрендім. Білмеймін, есіл-дертім домбыраға ауды да тұрды. Шымболаттың термесін және Нұрхан Ахметбековтің «Қарға» атты өмірден алынған және басқа да термелерді айтамын.

—  Негізгі жұмысың және отбасың туралы бірер сөз.

— Мәскелеуге 2006 жылы көшіп келдік. Ұл-қыз өсті, жұмыс істеп жатыр, Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Жастай еңбекке араласып, мал бақтым. Қазір денсаулығым болмай жүр, жазылған соң еңбек етемін. Анамыз қолымызда болды, осыдан екі жыл бұрын өмірден озды. Осы жақтан топырақ бұйырды. Келешекте аманшылық болсын, аман болайық.

Отбасыма келер болсам, әйелім – қазақ қызы. Мен болашақ жарымды таңдауда қазақ қыздарынан өзгелерді байқаған да жоқпын. Жұбайым Айткүл Ғабдрашқызы, Торғайдың қызы. Қазір алты баламыз бар. Үлкенім Рүстем әскерге барып келді, қазір Рудныйда еңбек етеді. Жанарым осы ауылда тұрмыста, екі ұлы бар. Руслан Рудныйда жұмыста. Еліміз егемендік алғаннан кейін туған үш баламның ата-тегін Сұлтан деп ауыстырдым. Расим осы ауылда ЖШС-де еңбек етеді. Нариман Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінде, ал кенжеміз Алма жергілікті мектептің 8 сыныбында оқиды. Бәрі де қазақ мектебінің түлектері.  Отбасымызда тек қазақша сөйлесеміз. Мен осындай бақытты елде туғанымды және тұрып жатқанымды мақтан етемін. Және де еліміздегі түрлі ұлт өкіл­дерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанын қазақ халқының қонақжайлылығының арқасында деп білемін.

— Әңгімеңе рахмет.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика