Общество

Ертеңгі болашақтың игілігі үшін

0 5

Елбасының жыл сайынғы Жолдауы тек қана Үкімет пен өзге де уәкілетті ұйымдарға ғана берілетін бағыт-бағдар емес, сонымен қатар, бізге де, яғни Қазақстанның азаматтарына да жолданатын бағдарлама. Кезекті Жолдауда еліміздің қазіргі даму жолынан таймай, осы қарқынды істерімізді одан әрі жалғастыруды талап етеді.  

Биылғы Жолдаудың астарында аса зор мән-мағына, стратегиялық мақсаттар мен міндеттер жатыр. Бұл рухани жаңғыру жолындағы өсу белесі деп білемін. Менің негізгі мамандығым оқытушы болғаннан соң, Жолдаудағы инновациялық дамыту және оны білім ошақтарында мектептерден бастауы жаңа сападағы білімді ертеңгі болашақтың игілігі үшін жасалатыны бізді қуантады.

Жолдау мемлекетіміздің даму жолының бүгіні мен таяу болашағын айқындайды, тез өзгеріп жатқан әлемнің бет алысынан, қарқынынан  туындайтын еліміз үшін аса қажетті міндеттерге назар аударды, қолға алатын істерге анық жол көрсетті.

Президент Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде адами ресурстарға, яғни капиталға жүк артылатынын алға тартты. Адами капиталды дамытудың ең басты жолының бірі — білім. Білімді ел-жұрт ХХІ ғасырдың бәсекесіне төтеп бере алады. Сондықтан да, білім саласының қызметкерлері адами капиталды дамытуға өз үлестерін қосатындығына сенеміз. Соған сай жалақының да біліктілігіне сай 30-50 пайыз өсетінін айтты. Сондықтан, келешек жас буындарға ой-өрісін дамытатын, оң бағыт көрсететін, адамгершілік ілтипаттылықты, асыл қасиеттерді үйрететін оқытушылардың біліктілігі аса маңызды. Ұстаздың біліктілігі — оқушының келешектегі тағдырын шешетіндігі айдай анық. Сондықтан да ұстаздар қауымы өзінің мінез-құлқы, жүріс-тұрысынан бастап, мамандық біліктілігімен қазіргі заманның сұранысына сай, өзін-өзі жетілдіріп, өз мәртебесін жоғары ұстап, адами капиталға өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Елбасы Жолдауының он міндеттерімен мұқият танысып шықтым. Президентіміздің Жолдауы Қазақстан халқның әлеуметтік жағдайын одан әрі көтеріп, болашақта жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп кәміл сенемін.

                                                             

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика