Общество

Келешегің жарқын болсын

0 9

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Елордамыздың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі — Астана»  тақырыбында Әулиекөл бастауыш мектебінде әдеби сазды мерекелік іс-шара өткізілді.

Өткен жылдың сәуір айында жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда Президент Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі — саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Әлем таныған Қазақстанның  бас қаласы  Астанаға  үстіміздігі жылы 20 жыл. Осынау айшықты күнде  осы жылдар ішінде  әлем таныған әсем қалалардың қатарынан көрінген Астана — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің жемісі. Астана — бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Айталық, қаланы қақ жарған Есіл өзенінің жағалауын кезінде басқан қамыс-құрақ қаба сақалдан арылып, бетон тақтайшалармен төселген. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік. Ендеше, бүгінгі әдеби-сазды мерекелік іс-шарамызда Астананың көптеген зәулім ғимараттарын ұстаздар мен оқушылар бірлесе отырып, презентация көрсету арқылы жеткізді. Сонымен қатар осы мереке аясында 0 сынып оқушысы Алтай Айша «Қазақ жері» атты өлеңімен, 4-сынып оқушысы Бекзат Салимов Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңдерін мәнерлеп оқып, өзінің ұлтжанды, патриот екенін дәлелдеді. Осы орайда 3-4 сынып оқушылары хор айтып өздерінің елге, ұлтқа деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін білдірді. Жалпы бұл рухани жаңғыру аясында өткізілген мерекелік кеш «Астана» әнімен ұстаздардың орындауымен аяқталды.

Елорданың өркендеуі — еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде. Ал сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!

Дина ЖАУКИНА,

 Әулиекөл бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика