Общество

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

0 8

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері, тұрғындар алдында есеп беруі дәстүрлі болып келеді. Бұл жиындардың нәтижесінде селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулері есепке алынып іске асырылады.

Ауылдық, ауыл және поселкелік округ әкімдері халық алдында “2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы” баяндама жасады. Сондай-ақ құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алумен күресу туралы учаскелік инспекторлар мәлімет берді.

Кездесуге аудан әкімі Жансұлтан Таукенов, аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Қойшыбаев, аудандық мәслихаттың депутаттары, бірқатар мемлекеттік мекеме бөлімдерінің басшылары, аудандық жергілікті полициясы қызметінің басшысы Танат Қарабалин, шаруа қожалығы басшылары, бұқаралық-ақпарат құралдары өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Барлық ауыл және ауылдық округ әкімдері өз баяндамаларын Елбасының Н.Назарбаевтың  үстіміздегі жылғы 10 қаңтарда халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан бастады. Тарихи құжатта атап көрсетілгендей, ел дамуының негізгі он міндетінен тұрады, яғни қоғам өмірінің ең бір өзекті мәселелері көтерілгеніне тоқталды. Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсатты жүзеге асыруға  арналған жоспарлы жұмыстарға тоқталды.

ТҰРҒЫМБАЕВ АУЫЛЫ

Ауыл әкімі Қанат Алпысбаев өз есебінде елдімекеннің жалпы көлемі 5020 гектар жерді құрайды, онда 207 адам тұрады, негізгі мектеп, ауыл кітапханасы жұмыс істейтінін атап өтті. Екі үлкен ЖШС-і, 12 шаруа қожалығы бар. Негізгі бағыт – мал шаруашылығы. Мектепте Интернет желісі, интерактивті тақта, медпунктте УАЗ жедел жәрдем машинасы бар. Қыс мерзімінде мектепті толықтай жылытарлық 350 тонна көмір түсірілді. Өткен жыл ішінде бруцеллезден тексеруден өткен малдар аурудан аман.

Өткен жылы аудан әкімінің берген тоғыз тапсырмасы түгелдей орындалды. Жеке кәсіпкер Жанат Сүлейменов ірі қара мал өсіру үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 1,9 млн теңге несие алды. Мемлекеттік сөндірушілер жасағы құрылып,  төрт рет өрт сөндірілді. Тұрғындарды Интернет желісі мәселесі сөз болды. Мектепте интернет желісі бар, бірақ оның жылдамдығы шамалы. Бұл сауалға Әулиекөл желілік-техникалық цехының бастығы Мәди Әбілов шалғай ауылға Интернет желісін орнату қымбатқа түсетінін  тілге тиек етті. «Бизнес-бастау» бағдарламасы бойынша оқыған ауыл тұрғыны Анна Кабанова сертификат алды. Өткен жылғы кездесуде ауыл тұрғындары қысқы уақытта автобустың қатынауына шағымданған болатын. Қазіргі уақытта автобус жетісіне екі рет тұрақты қатынайды.

 

Учаскелік инспектор полиция капитаны Рауан Ибрагим есепті мерзім ішінде ішінде төрт қылмыс бұзушылық анықталып, оларға айыппұл салынды.

Жиынды қорытындылай келе, Ж.Таукенов қазіргі қысқы уақытта жол бар екенін, оны әрқашан қадағалап назарда ұстап отырмыз деді. Жастарды үкіметтен несие алып, мал басын көбейтуді ұсынды. Қазір еттің бағасы төмен емес, жақсы, мал өсіріп тапсыруға болады. Аудан басшысы аудандық аурухананың бас дәрігері С.Шульгинге қысқы уақытта дәрігерлік есепте тұрған науқастарға қажетті дәрілерді күнібұрын жеткізуді тапсырды. Ауыл әкімі Қ.Алпысбаевқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шалғай ауыл тұрғындарын, өсіп келе жатқан жасөспірімдердің туған жердің рухани байлығын біліп өсуі үшін өмірлеріне сәл болса да өзгеріс енгізіп, көрші ауылдардан өнерпаздарды шақырып, концерт, спорттық жарыстар ұйымдастыруды тапсырды.

ҚОСАҒАЛ АУЫЛЫ  

Ауыл әкімі Елдос Боромбаев өз сөзінде Қосағалда екі жүзге тарта өткен жиында аудан әкімінің берген үш тапсырмасының екеуі орындалғанын атап өтті. Атап айтсақ, ФАП мектепке ауыстырылды, өлген малдарды көметін орын қоршалды. Ал үшінші тапсырма бойынша, ауылға көшіп келген әкімдік маманына үй берілуіне байланысты мал дәрігері ол ғимаратқа көшірілмеді. Бастауыш мектептің бір жаңа қазандығы жаңартылды. 2017 жылы «Амандық» шаруа қожалығы «Вектар» комбайнын, Истомин С.И. ш/қ — МТЗ тракторын сатып алды. Бір тұрғын «Бастау-бизнес» бағдарламасымен оқып, сертификат алды. Өткен жылы 21 адам, соның жетеуі тұрақты жұмысқа орналастырылды. Егін жинау науқанына 14 адам жұмысқа тартылды.

Жиында Интернет мәселесі қозғалды. Халық саны аз, сондықтан, Интернет желісі әзірге қойылмайды. Сондай-ақ тұрғындарды ауылдағы азық-түлік дүкенін «Аман-Тірсек» ЖШС-і жапқысы келеді, өйткені оларға дүкен ұстау қымбатқа түседі. Егер олар сол дүкенді жалға берсе, онда жұмыс істейтін адам табылар еді деген өтініш білдірді. Аудан әкімі бұл мәселе бойынша «Иволга» ЖШС басшылығымен кездесіп, оңды шешімін табылар деп жуап берді. Ауданның жергілікті полицияс қызметінің басшысы Т.Қарабалин тұрғындарға мал жоғалған уақытта өздері іздеп уақыт кетірмей, дереу полиция бөлімшесіне хабарласуын ескертті. Учаскелік инспектор орын алған қылмыстық жағдайлар мен құқық бұзушылық жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Аудан әкімі Ж.Таукенов ауыл әкіміне ауылға халық саны көп оңтүстіктен адамдарды тартыңдар, мектепті ұстап қалу үшін бала санын арттыруға болатындығын баса айтты. Ауылда тұрып мал ұстамаса, төрт түлік малды түлетпесе қандай жұмыс бар, Сондықтан, жастарды жұмысқа тартып, жылы орынын суытпай, мемлекеттен несие алып, мал шаруашылығымен айналысуға шақырды.

ДИЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Ауылдық мәдениет үйінде  болған кәделі кеңеске  аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Қойшыбаев пен депутат Төленді Оспанов, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысты.

Округ әкімі Жанай Алтынсарин баяндамасында үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасымен — үш, «Алтын асық» — бір, «Құлан» бағдарламасымен бір шаруа қожалығы мал өсіруде екеніне тоқталды. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы шеңберінде жыл ішінде 29 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ауыл ақсақалы халық көп шоғырланған елді мекенде пошта бөлімшесінің жоқтығы толғандыратынын айтты. Бұл сауалға аудан әкімі ескі пошта үйі иесіз деп танылып, құжат сотқа тапсырылған болатын. Заң күшіне енгенше бір жыл уақыт керек. Міне, енді иесіз деп танылған соң, ол балансқа беріледі, ол уақыттың еншісінде. Тұрғындарды жедел жәрдем машинасының және Үшқарасуда медбикенің жоқтығы алаңдатады. Аурухананың бас дәрігері С.Шульгин арнайы Диевке жедел жәрдем үшін қаржы бөлінді, үстіміздегі жылғы бірінші жарты жылдықта дәрігерлік амбулаторияға машина бөлінетін болады деп халықты қуантты. Ал Үшқарасуда медбике былтыр болған, енді сол ауылда тұрып жұмыс істейтін медбике іздесіріп жатырмыз. Әзірше ол ауылға  Диевтен медбике барып тұрады.

Аудан басшысы басқосуда округ тұрғындарының ең бірінші табысы қолында ұстаған малы, сондықтан да мал шаруашылығын дамытуды қолға алуды, сондай-ақ үкіметтің берген көмегін дер кезінде пайдалану керектігіне тоқталып, сөйтіп өзіңе де, өзгеге де жұмыс көзі табылатынын айтып, жиынды қорытындылады.

НОВОСЕЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Округ әкімі Азамат Асылбеков өз есебінде  «Алтын Бел Д», «Аман Терсек», «ИНСПЭК» ЖШС,  «Койшебаев Б», «Какимжанов Е.С.», «Кадыров Д.Т.» және бірнеше ұсақ шаруа қожалықтары астық өндуірумен және шөп дайындаумен айналысады. «Кадыров Д.Т.» шаруа қожалығының базасында сүт-товар фермасында тәулік бойы сүт сауу 200 литрді құрайды. Мемлекеттік бағдарламаны үлгірту мақсатында өткен жылы 64 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Новоселов орта және Соснов негізгі мектептері қазандығының сорып алатын ауыстырылды. Аққұдық негізгі мектебіне запас жылу қазандығын алу және орнату қарастырылды.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында округте латын қарпіне көшу туралы мәслихат депутаттарымен, «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық мәслихаттың депутаты Л.Войлошникова округ тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімінің берген 18 тапсырмасы дер мезгілінде орындалды.

Қорытындысында аудан әкімі Ж.Таукенов округ әкіміне жолға жақын орналасқан Новоселов ауылының көшелерін жарықтандыруды қатаң тапсырды.

ТИМОФЕЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ  

Округ әкімі Асылжан Нысанбаев өз есебінде ауылдың 1278 тұрғын бао, сонымен қатар, «Тимофеевка-Агро» ЖШС және жеті шаруа қожалығы әрекет етеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына үш адам қатысып, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін несие алды. Шаруа қожалығының басшысы «Кредитное товарищество» ЖШС арқылы «Құлан» бағдарламасымен жылқы өсіру үшін несие алды. Мәдени-спорт жұмысы жоғары дәрежеге қойылған. Біздің спортшылар облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ауылға Қызылорда облысынан екі отбасы көшіп келді. Мектеп төрт оқушымен толықты. ЖШС-не қарасты сегіз пәтерлі екі қабатты үйін жас мамандарға беру үшін жөндеу жұмысы жүргізілді. ЖШС директорының орынбасары тұрғындарды Интернет мәселесі, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы М.Жылгелдин су мәселесі туралы сөз қозғады. Мектепте «АSTEL» интернеті бар.

Аудан басшысы Ж.Таукенов мемлекеттің беріп отырған көмегін алып, Побольше, открывать откормплощадки по госпрограмме. Елден адамдар көшіру.

МОСКАЛЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Округ әкімі Бекзат Әбділдин кездесуде екі елдімекенде 800 адам тұрады. «Бастау-Бизнес» бағдарламасымен екі адам оқып келді. «Нәти­желі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға ар­налған» бағдарламасы шеңберінде оңтүстік өңірден ауылға екі отбасы, он адам көшіп келді. Олар тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Мектеп жасындағы бес оқушы бар.

Ардагер ұстаз Коккинаки Әбділдин латын қарпін қалай оқып үйренуге болады деген сауал қойды. Аудан басшысы аудандық тілдерді дамыту орталығының мамандары белгіленген кесте бойынша елдімекендерге шығып оқытады деді. Газ бен жол мәселесі қозғалды. Аудан басшысы газ алдымен Аманқарағайға, аудан орталығындағы мекемелерге өткізіледі. Ал ауылдарға газ өткізу ол алдағы уақыттың еншісінде екенін айтты.

Жансұлтан Қоңыртайұлы кездесуді қорытындылай келе, округ әкіміне елге адамдарды тарту керек деп тапсырма берді. Шағын бизнесті дамытуды қолға алу тапсырылды.

ПЕРВОМАЙ АУЫЛЫ

Ауыл әкімі Нұрбол Қосанов ауылда 223 аулада 700 тұрғын тұратынын атап өтті. Елге Қызылордадан бір отбасы көшіп келді. Үстіміздегі жылы үш отбасы көшіп келеді деп күтілуде. Барлық мерекелік іс-шаралар мектеп ұжымы мен оқушылардың, жергілікті тұрғындардың тікелей ұйымдастыруымен өткізіліп тұрады. Жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында ЖШС, шаруа қожалығы басшылары, жеке кәсіпкерлер оқушыларға көмек көрсеткені үшін жомарт жүректі жандарға алғыс білдірді. Ауылды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Учаскелік инспектор тұрғындарды аулаларын, үй маңын күл-қоқыстан тазартуға шақырды.

Ауылға көшіп келген Бақытққызы Айнұр елге, басшылыққа шын көңілден шыққан ризашылығын білдірді. Өзі ФАПте фельдшер болып жұмыс істейді, ал күйеуі серіктестікке жұмысқа тұрып, ел қатарлы еңбек етіп жатқанын айтты.

Аудан басшысы ауыл әкіміне елден жастардың кетіп қалмауы үшін оларға жеке іс ашуға көмектесу керек екенін ескертті.

НОВОНЕЖИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Округ әкімі Дастан Ысқақов өткен жылы ауданның құрылғанына 90 жылдығына орай аудандық спартакиада өткенін атап өтті. Үстіміздегі жылы жол бойында салынып жатқан екі үлкен нысан ашылады деп күтілуде.

Зейнеткер Нина Чопованы ауылда қашан клуб не болмаса мәдениет үйі болады деп сұрады. Аудан әкімі бүгінгі тұрған мәдениет үйінің ғимаратына жөндеу үшін жоба-смета құжаты дайындаған болатын. Өкінішке орай, авариялық жағдайда, әзірше сұрақ ашық. Еңбек ардагері Әмірбек Мирманов ауылды көріктендіру, намазхана үйінің жоқтығы, секциялар жұмыс істесе деген және ағаш отыруғызу мәселелерін көтерді. Аудан басшысы округ әкіміне осы мәселелермен айналысуды тапсырды. Зейнеткер Мария Пешкова физиокабинет пен массажист мамандарының керектігін сұрады. С.Шульгин жкргілікті амбулатория медбикелері өздері оқып, жмыс істеулеріне болады деп жауап берді. Н.Чопова учаскелік инспекторге неге халық дружинасы тобы неге құрылмайды деді. Қанат Оспанов топ құрылады деген жауап қайтарды.

Жансұлтан Қоңыртайұлы Новонежин ауылы республикалық трасса бойында орналасқандықтан ауыл әкіміне елдімекенді жаппай көгалдандыруға көп көңіл бөлу керек екендігін тапсырды.

ҚАЗАНБАСЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Округ әкімі Тұрғынбек Әбдібеков  есепті кезең ішінде «Абдуллаев Н.Я.» шаруа қожалығы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен 24 бас бір ірі қара бір бұқа сатып алды. Өткен жылы мал және өсімдік шаруашылығынмен айналысу үшін «Оскар-Д» ЖШС ашылып, бүгінде 50 бас ірі қара малы, 150 бас ұсақ малдар, екі жылқысы бар. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша малшаруашылығын дамыту үшін, жеке кәсіпкер Қожаниязов Е.Е. Қостанай облысының қаржылай қолдау қорынан 4,0 млн теңге несие алып, 21 бас ІҚМ сатып алды. Жеке кәсіпкер Батырбек Е.Р. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 3,0 млн теңге несие алып, 12 бас ІҚМ сатып алды.

Ауыл тұрғыны Сара Рахимжанованы дәрігерлік есепте тұратынын, бірақ дәрілерді алу үшін арнайы Новонежинге бару керектігі алаңдатады. Тұрғындарды дәрігерлік қағаз ашу үшін Новонежинге бару керек, ол артық шығынды талап етіледі. С.Шульгин жергілікті фельдшер науқас адамға дәрігерлік қағазды өзі аша алатынын айтты. Тек оны жапқан кезде ғана Әулиекөлден барып алуына болатынын түсіндірді. Серікбай Қуанышев баласының «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып келгенін, бірақ несие алу үшін бір мүлігін залогқа қоюы керек екенін, ал ауылдағы үйлердің құны аз. Не жағдай жасауға болатынын сұрады. Аудан басшысы бастапқыда шағын несие алып, шамалы ұсақ-түйек мал мен құс алып айналысуына да болатынын айтты. Ауыл тұрғындарын үй жанындағы күл-қоқыстардың үйіліп жатуы және су мәселесі де толғандырады. Су құбыры ауылдан 10-15 шақырым жерде орналасқан, ауыз суды ауылға келтіру үлкен қаражатты қажет етеді. Бағаналы тұрғыны көшелерде шамның жоқтығы алаңдатады. Әсіресе балаларға қиын, олар түнде мектептен қараңғы көшемен үйлеріне қайтады деп шағымданды. Аудан әкімі өз сөзінде округ әкіміне аудандық электр желісі және «Басаман» ЖШС басшылығымен жұмыс жүргізу тапсырылды.

Жиынды қорытындылай келе аудан әкімі қыс мезгілінде ұрлықтың көбейетінін, сондықтан бейқам отырмай малдарыңызға ие болыңдар деп ескертті.

Билік пен халық арасындағы еркін пікір алмасу түйткілді мәселелердің түйінін ортақ ақылмен шешуге бағытталды. Жиындарға қатысқан бөлім бастықтары, тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары көпшіліктің қойған маңызы бар сұрақтарына нақты жауаптар қайтарып, түсініктемелер берді. Аудан әкімі Жансұлтан Таукенов әрбір ауыл, елдімекендердегі есеп беру жиындарында — көші-қон мәселесіне, мемлекеттік бағдарламаға қатысып несие алуға және ауыл жастарына жеке ісін ашуға атсалысуға баса көңіл бөлді.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика