Общество

Рухани адамгершілік бастауы

0 9

Президен­ттің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарла­малық мақа­ла­сына зер сала, Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой-толқындарын қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып толғана, тебірене сыр шерткенде, таңданыстан бас шайқамау қиын. Оның Отанға, елге, ұлттық құндылық­тарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді. Сондықтан, оқушыны  нақты бір межеге бет түзеп, мақсатты түрде ұмтылып, тұлғаның рухани-дамгершілік қасиеттеріне баулу. Біз бойымызға тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік оқушы шығары сөзсіз.

Осы ұранмен № 28 Құсмұрын орта мектебінде «Рухани адамгершілік  бастауы» атты мектеп директорының бекітілген жоспарына сәйкес,  «Өзін-өзі тану» айлығы жүргізіліп жатыр.

Мектебімізде ашық сабақтар, коучингтер өткізіліп, мектеп ұжымы белсенді атсалысуда. Айлықтың алғашқы күні «Адамдықтың басты белгісі – рухани адамгершілік» атты мектеп мұғалімдеріне коучинг ұйымдастырдық. Бұл коучингте әр құндылыққа жеке тоқталып, мағынасын аштық. С.Алпысқызы өз сөзінде  «Жалпы адамзаттық құндылықтарды оқыту — өзін-өзі тануға негізгі рухани жол болып  табылады». Рухани бастау ол адамгершілікпен, риясыз мейірімділікпен, махаббатпен, өзара түсінушілікпен, төзімділікпен жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың  мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді  қамтиды деген болатын. «Өзіңді тану – өмірді тану» тақырыбы аясында мұғалімдер топ бойынша берілген мәтіндермен жұмыс жасап, құндылықтарды анықтап, оқушың бойына  қандай тәлім-тәрбие беретіндігін анықтады.

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдер «Менің жұлдызым жоғары» тақырыбында 10 а сыныпқа, «Денсаулық — өмір негізі» тақырыбында 4 а сыныбында ашық сабақтар өткізілді. 5 ә сыныбында ата-аналардың  қатысуымен «Табиғат ғажаптары» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында ашылған құндылықтардың мәнін түсініп, табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қиянат жасамауды бойларына сіңіре білді. Ата-аналар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасап,  пікірлерін айтып, алғысын білдіріп жатты.

Бала  бойында адамгершілік құндылықты дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсініп, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды өз өмірлерінде сүйіспеншілікпен таратса, нағыз білімді  деп атауға болады.  «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбында өткен коучингте, аңыз әңгімелер бойынша көрініс көрсетіп, құндылықтарды аша білді. Үй тапсырмасына мұғалімдер өздерінің таңдаған пәнін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырып, ондағы ішкі интеграция арқылы оқушы бойынан жалпы адамзаттық құндылықтарды  ашу берілді. «Әдептілік – адамгершілік бастауы» тақырыбындағы коучингте бейнефильм көрсетіліп, өз ойларын ортаға салды. Әр топқа әдептілік бойынша сұрақтар беріліп,  постер құралды. «Мінез — адам көрсеткіші», «Жақсылық жан жадыратады» тақырыптары бойынша топ мүшелері әріптестерінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтып, мінездеме берді. Әр коучингтен кейін тақырыпқа сай ән шырқалып отырды. Айлықтың соңғы күні өзін-өзі тану пәні мұғалімдері «Бақыт сыры» тақырыбында мектеп ұжымымен сабақ өткізіп, айлық бойынша кері байланыс жасады.

Айлық осымен тоқталмай маусым айында «С.Соловейчиктің педагогикалық  ізденісі» атты мектепішілік педагогикалық оқулар сайысын  ұйымдастыру жоспарға енгізілді.

Жадра  КАМЕЛОВА,

№28 Құсмұрын ОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика