Политика

Жат ағымның алдын алу

0 6

Дүйсенбіде, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында Әмит ишан мештінің наиб имамы Арман қажы Ахметжановтың, мемлекеттік мекеме кызметкерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті.

Басқосуды аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Есенғалиев ашып, өз сөзінде өзекті такырып — өскелең ұрпақтың жат ағымның жетегінде кетпеуінің алдын алып, салмақты тұлға болып қалыптасуына ат салысумыз керек екендігіне токталды.

Сөз алған Арман қажы Қуанышбайұлы қазіргі кезде басқа діни ахуалға ықпал етуі мүмкін діни көзқарастағы ағымдардың белең алуы байқалады деді. Мұндай ағымдардың өрістеуіне діни қағидаттарды толық түсінбеушілік, берік өмірлік танымдардың болмауы, сонымен бірге, азаматтардың сенгіштік қасиеттері қолайлы жағдай жасауда дей келе, біраз жәйттарды мысалға келтіре отырып, уағыз-насихат айтты. Наиб имам түсінбеген жайттар туралы мешітке келіп толық ақпарат алуға болатынын ескертті.
Дөңгелек үстелді өткізіудегі басты міндет — мектеп жасындағы оқушылармен жастарды басқа жат ағымның жетегіне еріп кетпеуіне тосқауыл койып, оларды қорғау. Ол үшін бәріміз бірігіп жас ұрпақтың санасын улайтын түрлі ағымдардан сақтандырып, жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек.

Айнұр ЖҰМАҒАЛИЕВА,

«Нұр Отан» партиясы
аудандық филиалының кеңесшісі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика