Образование, Общество

ГМО-ның адам ағзасына зияны

0 40

Мен Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 2017 жылғы түлегімін. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, биология пәнінің ұстазы Оразбекова Күлпаш Қапарқызының жетекшілігімен ғылыми жұмыс бастаған едім. Оның бірден-бір себебі, Елбасы Н.Назарбаевтың: «Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек. Ол адам өміріндегі ең басты қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау» деген бір сөзі арқау болды.    

XXI ғасыр озық технологиялардың дамыған ғасыры. Алайда, мұнымен бірге осы технологиялардың бізге де зияны да артып келеді. Генетикалық модефикацияланған организмде (ГМО) азық-түліктің көбеюі қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кез-келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз алдыңыздан көздің жауын алатын, пішіндері бірдей, түсі де әдемі, сырты жылтыраған жеміс-жидектерді көресіз және оны сатып алып жатамыз. Енді сол тағамдардың құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келіп жатыр? Мұны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіндерінің өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Мысалы, дүкеннен сатып алынған қызанақ неше күн тұрса да еш бұзылмайды, яғни көгеріп, шірімейді. Ал өзіміз бақшамызда өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда гендік модификацияланған организмдер деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықта гендік инженерияның жемісі — ГМО жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалықты екенін қарапайым халық әлі біле бермейді. Себебі, оның адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген.  Бірақ білмеген у ішеді дейді халық даналығы, ас мәзіріне қолдануда. Гендік модификацияланған организмде азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, негізгі сұрақ осы ГМО-ның адам ағзасына әсері болып отыр. Міне, біз де осы сұрақтың жауабын табу барысында ғылыми жұмысты қолға алған болатынбыз. Жұмыс барысында бірнеше айларға жоспар құра отырып, зерттеу барысында  нәтижелерге қол жеткіздік.

ГМО көбінесе майонездің құрамында жиі кездесетінін бәріміз білеміз. Сол себепті де майонездің құрамы мен сапасын анықтауды жөн көрдім. Ауданымыздың сауда орталықтарының сатушыларының пікірінше, аудан тұрғындары жиі қолданатын майонез түрлері “ЕЖК” және “Ряба” екен. Осы екі майонездің құрамын және сапасын анықтау барысында өзіме тәжірибе жасай отырып толық  қорытындыға келген болатынмын.  Қолдануға жарамды ГМО-сы жоқ ол Ряба майонезі екен. Өз ғылыми жұмысым жайлы айта берсем қызықты мәліметтер баршылық.  Екі жыл зерттеген осы жұмысымның нәтижесінде  облыс көлемінде екі бірдей ІІІ орынға ие болып, дәрежелі дипломмен марапатталдым. Бірақ, өкінішке, орай мен бұл зерттеу жұмысымды әрі қарай жалғастыра алмадым. Өйткені, 2017 жылы мектеп қабырғасынан студенттік өмірге қадам бастым. Өзімнен кейін, менің бастаған зерттеу жұмысымды мектебіміздің бетке ұстар оқушысы, биология пәнінен олимпиада жеңімпазы 10 сынып оқушысы Т.Қасымханға табыстадым. Алдына қойған бірнеше мақсаттарын орындауға қадам басқан Томирис осы жұмысты одан әрі зерттеуді қолға алған болатын. Оқушының мақсаты бірнеше майонездерді зерттей отырып, оларды микроскоппен толықтай зерттеу жүргізу. Зерттеу жұмысынан зор үміт күтетін Томирис жетекшісі Күлпаш Қапарқызымен бұл жұмысты өрбіту үстінде.

Арайлым САДУАҚАСОВА,

Қостанай мемлекеттік университетінің студенті

Суретте: жетекші Күлпаш Қапарқызы, Томирис Қасымхан және СЭС маманы

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика