Политика

Барша қазақтың арман қаласы

0 4

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа Елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің нышанына және жаhандық табысына айналды.

Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.  Қала экономикасының негізі — сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Елорда құрылыс саласы бойынша елімізде көш бастап тұр. Мұнда Батыс пен Шығыстың үздік мәдени үлгілері тамаша үйлестірілген. Астана құрылысы  Елбасының ұдайы назарында болып келеді.

Бүгінгі күні астананы көшіру уақытылы әрі қажетті қадам болғаны, экономикалық реформалармен қатар еркін мемлекетіміз дамуды іске асырудағы маңызды стратегиялық ресурс екені айқын болып отыр. Астана — тәуелсіз Қазақстан дамуының көрінісі, жарқын, терең ойдың іске асуына айналды.

Елордамызда осы күнге дейін де халықаралық, әлемдік дәрежедегі талай жиындар мен басқосулар ұйымдастырылды. Олардың барлығы дерлік мәртебемізді биікке көтеріп, абыройымызды асқақтатты. Оның бір ғана дәлелі ретінде, өткен жылы өткізілген Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесінен кейін Астана технологиясы дамыған әлемнің ең «ақылды» 21 қалалары тізіміне енді. Ғалымдар енді бұл қарқыннан жаңылмау керек дейді. «Ақылды қала» — ең алдымен әрбір тұрғын өзін жеңіл, еркін сезінетін, жайлы, әрі қауіпсіз қала. Астана болашаққа сенімді қадам басып, Торонто, Сингапур, Нью-Йорк, Токио қатарлы әлем мойындаған интеллектуалды мегаполистердің қатарында болуға ұмтылуда. Әуел бастан Президент Астананы ірі ғылыми-оқыту орталығы ретінде көріп, кәсіби мамандардың қуатты корпорациясын құру үшін көп күш салды.

Бүгінгі Астананың келбеті, әрине, көптің таңдайын қақтырады. Шет елдерден елордамызды көруге арнайы келгендер әсем қаланың айшықтарына тамсанып қайтады. Көпшілік Астананың қонағы болуға асық, тұрғыны болуды арман етеді. Әрбір қадамымызға, құлашымызға әлем көз тігіп, қимылымызды сүйсініп бақылап отыр.

Астананың дамуы, кемелденуі, өркен жаюы бүгінмен тоқтап қалмақ емес. Серпінді қадамдар әлі жалғасын табуда. Құрылыс нысандарындағы қызу жұмыс Елорданың керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктете түседі. Астана — барша қазақтың арман қаласы! Арманымыз биіктей берсін!

Гүлбаршын РАХМЕТОВА,

ішкі саясат бөлімінің әдіскері

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика