Общество

Елбасы Жолдауына үн қосамын

0 7

Алмагүл ЖИКИНА,

Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл ОМ

директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

 

Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жаһандық бәсекеге қабілеттілікті төмендетпейтін дамыған озық 30 елдің қатарынан ойып тұрып орын алуға жетелейді. Жолдауда айтылған он негізгі міндет Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дамуына мүмкіндік береді.

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші күш тек білімге ғана тіреледі. Жолдауда білім секторын дамытуға айрықша мән берілгені ұстаз қауымын ерекше қуантты. Қазіргі таңда орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды. Ол дегеніміз — халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Осындай білім нәрін адам бойына себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға — ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы — ұстаз. Сондықтан, Елбасының мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Әсіресе, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуі керемет жаңалық болды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізілуі шығармашыл ұстаздар үшін тамаша хабар. Өйткені, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.

Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры  ұстаздың қолында», деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру — ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан, нағыз ізденімпаз, шығармашыл ұстаздардың өздерін ұдайы жетілдіріп отыруына Елбасы Жолдауы ықпал береді.

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика