Общество

Елбасы Жолдауына үн қосамын

0 8

Жақында аудандық орталық кітапхананың оқырмандар залында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды.

Жиынға аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қ.Нұрмұхамедов, Әулиекөл селосы ардагерлер ұйымының төрайымы Г.Аязбаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және кітапхана қызметкерлері шақырылды. Іс-шараны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тоқаева ашып жүргізді.

Сөз алған облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі және әкімшілік-құқықтық бөлімдерінің басшылары Жарасхан Наурызбаев пен Бақытбек Зейнекин Жолдаудың 10 бағыты бойынша алда тұрған міндеттер мен атқарылуға тиіс жұмыстармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Сонымен қатар, кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, басқарма өкілдері өз салаларына қатысты жұмыстарға тоқталды. Атап айтсақ, онда облыс ономастикасының бүгінгі жағдайы, іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілу деңгейі туралы ақпараттармен бөлісті.

Нұрлыбек ИГІЛІКОВ,

тілдерді оқыту орталығының директоры

Суретті түсірген Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика