Общество

Түлектерім, ұшқан алтын ұядан

0 5

Елбасының «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» атты мақаласы бүгінде туған жер төсінде әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген азамат-азаматшаларға арналады.

Өткен сенбіде жылдағы дәстүр бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте әр жылда бітірген мектеп түлектерінің кездесу кеші өтті. Алтын ұясынан қанат қағып кеткен әр түлектің  мектеп ұжымы үшін орны бөлек. Бүгінгі салтанатты жиынның  қонақтарын күмбірлете  күй  төгіп, қарсы алды. Келген қонақтар мектеп  ішін аралап, экскурссия  жасады. Іс-шара концерттік  бағдарламамен жалғасып, түлектер өздерінің оқушылық кезеңдерінен слайдты көрсетілімді тамашалап, әсем сазды ән тыңдап, есте қалған қызықты сәттерімен бөлісті.

Кеш соңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кәсіптік бағдар бойынша сыр-сұхбат өткізілді. «Тәрбие және білім» жоспарындағы «Саналы азамат»  базалық жобасы бойынша мектепті бітірген  түлектер   әр саланың  мамандық иелері ретінде жеткен жетістіктері жайлы жасөспірім оқушылармен  пікірлесіп, сұхбаттасып, болашақта мамандық таңдауға жөн сілтеу, табысты  өмір жолын үлгі ету мақсатында маңызды кеңестер беріп, өздерінің тәжірибелерімен  бөлісті, сондай-ақ, сауалдарына жауап берді. Бүгінгі іс- шарадан түлектер өте жақсы әсер алып, естелікке  фотосуретке түсті.

Арай САДАҚБАЕВА,

Шоқан Уәлиханов атындағы ОМ

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика