Общество

Абай ақынмен кездесу

0 9

Жақында №2 Аманқарағай орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші бағдарламасы  «Тәрбие және білім», «Сапалы азамат» базалық  жобасын жүзеге асыру аясында мерекелік іс-шара өтті.

Адам баласының жан дүниесі, тағдыры небір сыр мен жырға толы жұмбақ болып келеді. Шыр етіп жарық дүниеге келгеннен бастап кейбір адамзат баласына Жаратқан ерекше бір қасиет пен қабілет сыйлайды. Осы қасиетті бойына дарыта білген жанның бірі — жергілікті ақын А.Қажи. Абай Хамитұлының асқаралы 60 жылдық мерейтойына орай жоғары сынып оқушыларының қатысуымен жыр кешін өткіздік.

Іс-шара барысында ақынның өмір жолымен танысып, қызметі туралы кеңірек мәлімет алдық. Оқушылар ақынға көкейіндегі сұрақтарын қойып, Отан, отбасы, қоғам құндылығы туралы білді. Сондай-ақ, ақынның өз өмір  жолдарын тізбектей  отырып, мысалдар  келтіре  кеткен  тұстардан  оқушылар  рухани-адамгершілік  қасиеттерді бойларына сіңірді.

А.Қажи Аманқарағай  ауылының  тұрғыны  болғандықтан да болар, жыл  сайын мектебімізде  өтетін мерекелік іс-шараларға әркез белсенділікпен қатысып тұрады.

Тартымды өткен кеш соңында,  Абай ақын өз  кітаптарын  мектепке  тарту  етті. Сыйға сый — сыраға бал дегендей, алғысымызды  білдіріп, құрметтеп иығына шапан ілдік.

Мұндай іс-шараларды өткізудегі мақсат — жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Ақмарал ҚҰТТЫБАЕВА,

аға тәлімгер

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика