Спорт

Қазақ күресінен облыс чемпионаты

0 13

«Болашақ» спорт кешенінде 23-25 ақпан аралығында 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен облыс чемпионатына  Қостанай, Арқалық қалалары, Қостанай, Амангелді, Жангелді және Әулиекөл аудандарының командалары қатысты.

Жарыстың бас төрешісі республиканың қазақ күресінен спорт шебері Азамат Ерадилов (Арқалық қаласы). Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Аманқұлов құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты іс-шарада аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәулет Шәріпбаев Қостанай облысы қазақ күресі Федерациясының «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хатымен  марапатталды.

Жарыс тоғыз салмақ категориясында өтті. Бірінші және екінші орындарға ие болған спортшылар үстіміздегі жылдың 14-15 наурызында Павлодар қаласында өтетін республика чемпионатына қатысады.

Тартысты өткен жарыста әулиекөлдік спортшылар салмақ дәрежесі бойынша төмендегі жүлделі орындарға ие болды. Бірінші орынды Сұлтан Баймешов (50 кг, Новонежин ОМ, жаттықтырушы Н.Өмірбаев) жеңіп алды. Рахат Нок (46 кг, №2 Аманқарағай ОМ, Ж.Әбілов) және Нұрболат Тоқтаров (66 кг,  Ш.Уәлиханов ат. ОМ, А.Ахмедбеков), Нұрдаулет Нок (73 кг, №2 Аманқарағай,  Ж.Әбілов) екінші орынды иеленді. Шерхан Смаилов (46 кг, Новонежин, Н.Өмірбаев), Дамир Дәуренбеков (73 кг, Көктал ОМ, Е.Әбденов), Әділбек Жаңбыршынов (+73 кг, Ш.Уәлиханов ат. ОМ, А.Ахмедбеков) үшінші орындарға ие болды.

Дайындаған Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика