Общество

Қызықты өткен іс-шара

0 10

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы колледжінде «Абай» журналының 100 жылдығына орай іс-шара өтті. Оны қазақ журналистикасында өз ізін қалдырған басылымдардың бірі деп атауға болады.

 «Абай» журналын шығарушылар – Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов – «Екеу» деген лақап атпен қол қойған. Олар қазақ зиялы қауымын өзін-өзі тәрбиелеуге, қара халықтан қашпай, араласып, оларды алаңдатып жүрген тақырыптарды үнемі сұрастыруға, қоғамдағы өзгерістер жайлы үнемі хабардар болуға үгіттейді.

Іс-шара барысында үш тілде Абай жайлы баяндама жасалды. Жиында журналдың шығу тарихы жайлы кең мағлұмат беріп, слайд, бейнефильмдер көрсетілді. Абайдың шығармашылығын, қара сөздерін оқып, кеңінен талқыладық. Бір ғасыр артқа көз жүгіртіп, студенттер Абай, Лермонтов, Байрон сияқты ұлы тұлғаларды сомдады. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әндері шырқалды.

Шараны өткізудегі мақсат — Абай әлеміне терең бойлап, студенттер бойына ұлы тұлға, қазақтың бас ақыны жайлы түсінік беру. Қызықты өткен іс-шарадан студенттер үлкен әсер алып, көңілді тарасты. Қойған мақсатымызға толықтай қол жеткіздік.

Раушан ҚОҚАСОВА,

ауыл шаруашылығы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика