Общество

Балаға мейірім сыйла

0 7

Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурызда «Үміт» жасөспірімдер мен балалар баспанасында мерекелік іс-шара өтті.

Мекеменің аты айтып тұрғандай, мұнда ата-анасының қамқорлығынан айырылған алты жастан он төрт жасқа дейінгі он екі ұл мен қыз тәрбиеленеді. Оларды мемлекет түгелдей қамқорлығына алған, жатар орын, киер киімнен кенде емес.

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша әке-шешесінің мейіріміне зәру балаларды мейірімді мерекемен құттықтау үшін «Жігер-К» ЖШС басшысы Ғилымхан Сейтқазинов келіп, жақсы оқыңдар және тәртіпті бала болып өсіңдер, ел ертеңі – сендерсіңдер деген игі тілегін білдірді. Сондай-ақ, балаларға қонаққа 92-тас қалаушылар және 93-аспаздар топтары студенттері де келді.

Бұл күні мекеме тамаша безендірілген. Балалар үшін ең қымбат сыйлық — Сара Назарбаеваның құттықтау сөздері мен ізгі тілектері жазылған ашық хаты. Ризашылық іс-шарада балалар Сергей, қос Слава, Ксюша, Даниил, Влад, Вика, Витя, Эммилия, Нелли, Дамир, Полина, Саша — Сара Алпысқызының атына алғыс сезімін білдірді.  Сонымен қатар, ән айтып, би билеп көңілді концерт қойды. Дүниеде баланың қуанғанына не жетсін. “Жақсы адамдар жанымызда” дейді халық даналығы, ендеше балаға мейірім сыйлап, қайырымдылығымызды аямайық.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика